Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет420/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ОҚУ
ОҚША


403
анализде – ұғынылмай әрекет ететін, 
импульс оның жалғасы бастапқы 
бейнесімен немесе жол беруге бол-
майтын кейбір әрекеттер арасында-
ғы ұғынылған психологиялық бай-
ланыстарды үзу арқылы жүзеге аса-
тын қорғаныш механизмі. Бұл мағы-
нада алғашқы тәжірибе ұмытылмай-
ды. бірақ алғашында онымен байла-
нысты болған эффектіден бөлінеді. 
Классикалық теория бойынша бұл ме-
ханизм неврозда кең таралған.
 
Сон-
дай-ақ ол эффектінің изоляциясы деп
аталады; 3) Юнг терминдерінде О.- 
басқалардан психологиялық жат бо-
лып кету сезімі. Сондай-ақ оны «пси-
хикалық оқшаулау» деп атайды. 
Юнгтің пікірінше, О. өте терең құ-
пияларға байланысты туындайды.
ОҚУ МЕН ОҚЫТУ ПСИХОЛО-
 
ГИЯСЫ. 
Оқыту – шәкірт пен ұстаз-
дың өзара бірлесіп, ынтымақтасып 
жасайтын ортақ іс-әрекеті. Оқыту –
мұғалімнің тәлім-тәрбие берудегі 
басты әрекеті болса, оқу – шәкірттің 
дүниені танып-білуге бағытталған 
өзіндік әрекеті. Қысқаша айтсақ, оқу 
еңбек әрекетін орындауға қажетті 
білім, дағды икемділіктер жүйесін 
игеру процесі.
Сөйтіп, оқу мен оқыту, бір металдың 
екі жағындай бір-бірімен тығыз 
байланысқан күрделі әрекет. Оқу да,
оқыту да қалай болса солай жүргі-
зілмейді, олар белгілі мақсат көз-
деп жоспармен жүйелі түрде ұйым-
дастырылып, жүзеге асады, олардың 
өзіне тән әдістері (тіпті әр пәнді оқып-
үйренудің жеке-дара әдіс-тәсілдері
болады) әдістері мен сабақ жүргізу 
формалары, сондай-ақ, әр түрлі нә-
тижелері болады. Оқу арқылы шәкірт 
біртіндеп білім, дағды, икемділіктер-
ді, тиісті ғылыми ұғымдарды мең-
гереді, мұның нәтижесінде оның жан
қуаттары (ес, ойлау, қиял, т.б.) эмо-
ция, ерік-жігер процестері дами тү-
седі. Оқыту процесінің әртүрлі қыр-
ларын педагогиканың дидактика, 
сондай-ақ жекелеген пән методикала-
ры қарастырады. Дидактиканың осы 
мәселеде зерттеуге орай ерекше сү-
йенетін тірек ғылымы – психология. 
Соңғысының басты саласының бірі –
оқыту психологиясы, ол оқу процесі-
нің екінші жағын, яғни шәкірттердің 
оқу мазмұндарың ұғынып, әр түрлі 
тапсырмаларды қалайша орындай алу
мүмкіндіктерін зерттейді. Шәкірттің 
оқуға талпынысы мен ынтасының қа-
лыптасу жолдарын, оның түрлі білім, 
дағды, әдеттерді қалайша меңгеріп 
отыратындығын, әр түрлі мазмұндағы 
материалды ұғыну ерекшелігін т.б. 
осы іспеттес мәселелерді қарастыру –
оқыту психологиясының зерттеу объ-
ектісі.
Оқу материалдары адам психология-
сына зор талап қоятыны белгілі. Өйт-
кені шындықтағы құбылыстардың 
сыр сипатын, мән-жайын ұғыну –
өте күрделі әрекет. Мұның өзі бірне-
ше кезеңдердең тұратыны қазірде ғы-
лымға белгілі болды. Мәселен, сабақ-
та – материалды ұғынудың алғашқы 
кезеніңде (таныстыру кезеңі) шәкірт
нені қалай оқу керектігі жайлы жалпы 
мағлұмат алады. Бұдан кейінгі кезең-
де ол мұны тәжірибеде байқап көреді. 
Үшінші кезеңде ұғынғанын сөзбен
тұжырымдайды. Төртінші кезеңде 
оларын ойына ұстап тұрады да, бесін-
ші кезеңде шәкіртте зат пен құбылыс 
туралы белгілі ұғым қалыптасатын 
болады. Ақыл-ой амалдарын меңгеру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет