404
арқылы оқушы шындықтағы заттар-
дың
байланыс-қатынастарын меңге-
реді, бір затты екіншісімен салысты-
рып, дәлелдей алуға, олардың айыр-
машылық, ұқсастықтарын айыра бі-
луге үйренеді, мұндағы себеп пен нә-
тиженің, яғни заттардың себеп-сал-
дарлық заңды байланысын түсінетін
болады. Мәселен, жас баланың өзі де
«от жақса, түтін шығады» дегенде, от-
тың жануы – түтіннің
шығуына се-
беп болып тұрғанын аңғарады. Ұғы-
ну дегеніміздің өзі де нәрседе себеп-
пен қатар нәтиже болатындығына
шәкірттің көзінің жетуі,
соған жете
түсінуі. Оқу материалдарының мә-
нісіне тереңдеп бара алмай,
оларды
жай жаттап алу, өз бетінше пікір ай-
туға шорқақтық оқушыда талдау (ана-
лиз), жинақтау (синтез) тәсілдерінің
әлде де оншама дамымағанын көрсе-
теді. Мұғалім шәкірт ойлануындағы
талдау тәсілінің қалыптасуына жет-
кіліксіз көңіл бөлетін болса, ондайда
оқушы материалдың бір-бірімен бай-
ланысының жеке жақтарын ғана мең-
гереді, әр ұғымның мәнін, өзіндік ере-
кшелігін жете түсінбей қалады. Сон-
дай-ак, мұғалім сабақ беруде жинақ-
тау тәсілін ойдағыдай пайдалана ал-
маса, онда берілетін мағлұмат бұрын-
ғы материалмен дұрыс байланыспай
қалады, бұл берілген мағлұматтың
практикалық мәнінің төмендеуіне әке-
ліп соғады.
Кейбір мұғалімдер оқу-
шыда белсенді ойлау процесін дамы-
тудың орнына олардың ес, жаттау қа-
білетін өсіруге ғана ерекше мән бере-
ді. Әрине, бұдан баланың есін дамы-
ту онша мәнді нәрсе емес деген қо-
рытыңды шықпайды. Шәкіртке ой-
латтырып, әр нәрсені бір-бірімен са-
лыстырғызып, талдатып-жинақтатып,
дәлелдеткізіп үйретсе ғана олардың
танымы мазмұнды болады. Ал ма-
териалды сол күйінше
жаттап алу,
оның ішкі мәніне бара бермеу, бала-
да жаттампаздық, яғни оны құрғақ
жаттап алуға әуес болуға жетелейді.
Орыс психологі П.Я.Гальперин (1902-
1988) өзінің «Ақыл-ой әрекетін жос-
пармен, сатылап қалыптастыру» дей-
тін тұжырымдамасында оқушы қан-
дай да болмасын бір мәселені шешу
үшін
алдымен сыртқы материалдық
әрекеттерді (яғни затты ұстап көру,
оның тұрқын, көлемін ажырату, шама-
сын білу, т.б.) пайдаланады да, кейін-
нен оның бейнесін миында елестетеді,
содан соң барып дауыстап, кейін іш-
тей айта алатын болады, сөйтіп сырт-
қы заттық іс-әрекет (экстериориза-
ция) біртіндеп ішкі ой әрекетіне (ин-
териоризация) айналады дейді. Ақыл-
ой әрекетінің қалыптасуының әркез
еңінде екі бөлім: бағдарлау мен орын-
дау болады. Бағдарлау –
оқытудың
қалай жүргізілетіндігіне байлалыс-
ты. Шәкірт өзіне берілген оқу мате-
риалын ұғынуда бұрыннан өзі біле-
тін жалпы ережелерді, негізгі заңдар-
ды
пайдаланса, онда бағдарлау ана-
ғұрлым өнімді болады. Бағдарлау –
шешілуге тиісті нақты мәселенің
шарттары мен мәліметтерін саралау,
құбылыстың негізгі және мәнді бел-
гілерін ажыратуға ұмтылу. Ал орын-
дау бөлімінде
шәкірт амалдың ірік-
телген ережелері мен әдістерін, нақты
бір мәселені шешуге пайдаланады.
Ақыл-ой әрекетінің негізгі көрсеткі-
ші оның бірінші бөлігі, өйткені мұн-
да мәселенің тұрпатын танып білу,
оны шешу, қажетті әдістерді таңдап
алу жағдайлары қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: