407
ды. Одан
соң тірек сигналдары мен
оқулықты қатар пайдаланып, үй тап-
сырмасын орындауға машықтанады.
Келесі сабақтарда тірек сигналдарын
жазба түрде қайтадан жаңғыртады.
Кейіннен сыныптағылардың ауызша,
әсіресе тақта алдындағы жауаптарын
тыңдайды.
ОҚЫТУДАҒЫ БЕЛСЕНДІЛІК
–
мұғалімнен
оқу процесін оқушылар
бойында құлшыныспен өз бетімен
жұмыс істеуді,
білімді берік, терең
игеруді, қажетті білікті, дағдыны жү-
йелі қалыптастыратындай және олар-
дың байқампаздық, ойлау, сөйлеу, шы-
ғармашылық
және есте сақтау қабі-
леттерін дамытатындай етіп құру-
ды талап ететін дидактикалық қағи-
да. Оқытудағы дағдылар –
бірнеше
мәрте қайталау нәтижесінде авто-
маттандырылған
сипатқа ие болған
оқу әрекеті. Ол оқушылардың білім
мен білікті
игеру мөлшеріне қарай
олардың ауызша және жазбаша сөй-
леу кезінде, оқу міндеттерін орындау-
да, т.б. көрінеді.
ОҚЫТУДАҒЫ зЕРТТЕУ ӘДІСІ
–
оқушыларды айналадағы құбылыс-
тарды бақылап, ондағы зандылықтар-
ды тануға, өздігінен қорытынды жа-
сай білуге үйретуде зерттеу элемен-
тін қолдану.
Оқушының белсенділі-
гін, қызығушылығын қалыптасты-
рып, оның ойын дамытуға, өздігінен
ізденуге бағытталады. Оқытудағы ин-
дукция (лат.
inductio –
сілтеу) – оқу ба-
рысында ой тұжырымын пайдалану-
да ойдың өрбуінің жалқыдан жалпы-
ға қарай ілгерілеуі. Бірақ индукция-
лық
әдіс жаңа ұғымды қалыптасты-
руда едәуір уақытты талап етеді.
ОҚЫТУДАҒЫ ҮЛГІЛЕУ
– 1) оқу-
шылар меңгеруі қажет мазмұн ретін-
де үлгілеу; 2) онсыз толық мәнді оқы-
ту болмайтын оқу әрекеті, құралы ре-
тіндегі үлгілеу. О.ү. арқылы зерттеле-
тін күрделіліні қарапайымға,
көзге
көрінбейтінді және сезілмейтінді кө-
рінетінге, сезілетінге, бейтанысты та-
нысқа келтіруге болады, яғни кез кел-
ген күрделі объектіні мұқият және
жан-жақты зерттеуге қол жетерліктей
жасауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: