414
өЖЕТТІЛІК
– адам мінезінің ұнам-
ды қасиеттерінің бірі. Мұны батыл-
дық
ұғымының синонимі деуге де
болады. Ө. жүйке жүйесі күшті, ми
қыртысындағы тежелу процесінен
қозуы басым адамдарда жиі кезде-
седі. Ол ерік-жігер, қажыр-қайраттың
жүректілік, ерлік, төзімділік, қайсар-
лық сияқты
басқа да қасиеттерімен
тығыз байланысып жатады. Бұл қа-
сиет көбінде принципті, ержүрек, ба-
тыл адамдарда кездеседі. Өз шешім-
дерін жүзеге асыру жолында өжет
кісі орасан зор табандылық көрсете-
ді.
Қабылдаған шешімінің орында-
луының еш мүмкіндігі жоғына көзі
жеткенде ғана, жаңадан тез шешім
қабылдап,
бұрынғысын тоқтататын
болады. Нағыз өжет кісі «орынсыз
жерге пышақ ұрмайтын, ылғи да же-
ті өлшеп, бір кесетін» интеллектісі
жоғары деңгейдегі адам. Өжет кісі-
лердің қатарына Б.Момышұлы, Т.Би-
гелдин, М.Мәметова
сияқты тұлға-
ларды жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: