412
Дифференциалдық психологияда О.
жүйке процестерінің пайда болуы мен
тоқтауын
сипаттайтын қасиеттердің
бірі болып табылады.
ОТАНСҮЙГІШТІК.
Халқымыз кір
жуып, кіндік кескен атамекенін ая-
лап, елін, тілі мен мәдениетін, әдебие-
ті мен тарихыи, біртуар аяулы перзент-
терін мақтан тұтып, қадірлеп-қастер-
леуді ұрпағына аманат еткен.
Бізде қай жүзге жататыныңды, қай ру-
дан екеніңді білу ес жиып, есейгеннің
белгісіндей дей отыра, мұның түпкі
мақсат-мұраты біреу, ол – ынтымақты
ел болу деп есептейміз.
Ер-азамат
үшін туған халқын жан-тәнімен сүю,
оның шаруашылығы мен мәдениеті-
нің өркендеп, көркеюіне бар күш-жі-
гері мен білімін, еңбегін жұмсап,
үлес
қосу перзенттік парыз болған,
Қаз дауысты Қазыбек би: «Алтын
ұяң – Отан қымбат... туып-өскен елің
қымбат, кіндік кесіп, кір жуған жерің
қымбат», – деп тебіренген ғой. Қазақ
елі – біздің Отанымыз, атамекеніміз,
қастерлеп келе жатқан туған жеріміз.
Осы жерді жан-тәнімен сүйетіндер
де, оны көздің қарашығындай қор-
ғап, сақтайтындар да ең алдымен қа-
зақ халқы, оның сендердей ізбасар-
лары. Қаршадайынан өз отбасын, әке-
сі
мен шешесін, бауырлары мен ту-
ған туысқандарын қастерлеп,
қадір
тұтқан адам ғана есейе келе туған хал-
қы мен ел-жұртын, атамекенің шын
көңілмен сүйетін болады.
Өйткені
халқымыз «Отан отбасынан бастала-
ды» деп бекерге айтпаған. Ата-ана-
сын, өз үрім-бұтағын жанындай жақ-
сы көріп сүймеген баланың ел-жұр-
тын, халқы мен ұлтын сүйетін толық-
қанды азамат болуы екіталай. Ұлт-
жанды кісінің имандылық-адамгер-
шілік қасиеттері, сондай-ақ, онын жек-
жат-жұрағатқа
деген оңды көзқа-
расынан да жақсы байқалады.
Қазақ елінің кез келген перзенті жұ-
мыр жердің қай бұрышында жүрсе де
өзінің іс-әрекеті мен мінез-құлқынан
өз ұлты мен халқына деген сүйіспен-
шілік қасиеттерін тайға таңба бас-
қандай айқын байқатып отыруы тиіс.
Бұл үшін ата-бабалардың тарихы
мен шежіресін біліп, оларды талдап
таратуға ерекше мән берген абзал.
Аталас
ағайындарының аты-жөнін
жүйелеп, оларды саусақпен санаған-
дай айқын ажырата білу – кім-кімге
де болса жарасымды адамгершілік
сипат.
Ата-бабаларымыз Алтайдан Атырау-
ға, Еділ мен Жайыққа дейінгі ұлан-
ғайыр, кең жазира даланы ғасырлар
бойы басқыншы жаудан сан рет қор-
ғап, бостандық
пен тәуелсіздік жо-
лында шыбын жанын пида еткен.
Біздер халқымыздың қас батырлары
Қабанбай мен Бөгенбайды, Исатай
мен Махамбетті, Кенесары мея Нау-
рызбайды,
Қасымхан мен Абылай
ханды, Амангелді мен Бауыржанды
қадір тұтып, қастерлейміз. Олардың
халқы үшін қалтқысыз қызмет етке-
нін өзімізге үлгі-өнеге етіп, осындай
ата-бабаларымыздың болғанын қа-
лайша мақтан тұтпаймыз!
Достарыңызбен бөлісу: