411
ізгілікке әділдікке, жарқын болашақ-
қа деген сенім болмайынша, тұлғаның
құлықтық қалыптасуы мүмкін емес.
Осының өзінде өмірдің қалтарыс
жақтарын елемейтін, тәрбиеде және
тұлғаның өзіндік тәрбиесінде рухани
құлықтық күйініштердің. тарих пен
жеке өмірде бастан өткен оқиғалар-
дың мән-мағынасын түсінбейтін пе-
дагогиканың келешегі жоқ. Оптимис-
тік қабылдау адамның өмірдің ауырт-
палықтарына төзуге, оларды еңсеріп
жеңіп өтуге дайын болуын қамтып,
адамдардың арманшыл көңіл ауанын
емес, өмірлік табандылығын бейне-
легенде ғана жағымды болмақ. О. –
дүниеге үміт көзімен, сеніммен қа-
раушылық, үмітсіздіктен аулақ бо-
лушылық.
ОРГАНИКАЛЫҚ ТҮЙСІКТЕР
–
біріншіден, организмнің органикалық
қажеттіліктерімен байланысты туа-
ды, екіншіден, ішкі мүшелердің қыз-
метінің бұзылуы кезінде пайда бола-
ды. О.т.-ге аштықты, шөлді түйсіну,
жүрек-қан тамырлық, тыныс алу жә-
не жыныстық жүйеден келетін түй-
сіктер, сонымен қатар, жалпы көңіл
күйдің жақсы немесе жаман сезімдік
негізін құрайтын айқын емес, ажыра-
тылмайтын түйсіктер жатады. Түрлі
ішкі мүшелерде кездесетін рецептор-
лар Ч.Шерингтонның жіктемесі бо-
йынша интероцепторлар категория-
сына жатады. Интероцепторлар меха-
никалық, химиялық, физикалық-хи-
миялық сипаттағы тітіркендіргіштер-
ді қабылдайды. Барлық органикалық
түйсіктердің бірқатар ортақ қасиет-
тері болады. Мысалы, олар көп жағ-
дайда органикалық қажеттіліктермен
байланысты. Бұл қажеттіліктер осы
органикалық түйсіктер арқылы сана-
да бейнеленеді. О.т.-дің барлығы бел-
гілі бір қысылумен байланысты. Мұ-
ның өзінде оларда қажеттіліктерді қа-
нағаттандырумен байланысты бола-
тын түйсіктер тәрізді динамикалық,
елігу, ұмтылыс және кернеуді босату
сияқты сәттері болады.
О.т.-де сенсорлық, перцептивті сез-
гіштік әрі аффективті сезгіштікпен
ұласады. Сондықтан «аштықты түй-
сінудің «аштық сезімін, «шөлді түй-
сінудің «шөлді сезіну» деп бекерден
айтпайды. Барлық органикалық түй-
сіктер күшті аффективті сипат, айқын
эмоциялық бояуға ие. Сондықтан ор-
ганикалық түйсіктерде тек сенсорика
ғана емес, сондай-ақ аффективтілік те
көрініс табады. О.т. организмнің қа-
сиетін емес, ал оның күйін бейнелей-
ді және көп жағдайда саналанбайды.
О.т. жиі диффузды сипатта болып,
өзінің шоғырланған жерін көрсет-
пейді. О.т. қажеттіліктерді бейнелей
келе, әдетте, қозғалыстық импульс-
тармен байланысты болады. Осылай,
мысалы, аштық сезімінде, тыныс қы-
сылғанда және т.б. спазмалық қозға-
лыстар және түрлі ырықсыз әрекет-
тер пайда болады. Осылайша, О.т.
Психиканың әртүрлі жақтарымен:
аффективтік күйлермен, елігулер-
мен және ұмтылыстармен жапсар-
лас келеді; ең басынан бастап, өмір
қажеттіліктермен тығыз байланысты
болады.
ОРНЫҚСЫзДЫҚ
(Лабилдік; лат.
labilis –
сырғығыш, орнықсыз) –
функциялық құрылымда уақыттың
бір өлшеніп бұрмаламай бере ала-
тын импульстердің ең көп шамасы.
Терминді Н.Е. Введенский ұсынған.
Достарыңызбен бөлісу: