Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет438/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   434   435   436   437   438   439   440   441   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

өзІН
өзІН


418
жеңуге, белгілі бір еріктік күшті
жұмсауға мәжбүр болады. Ал бірін-
ші тип үшін ешқандай бөгет болмай-
ды. Үшіншісі парадоксалды тип, бір-
дей жайттарда өзін әр түрлі, ал әр түр-
лі жағдайларда өзін бірдей ұстайды. 
Төртінші тип барлық уақытта тек өз
ішкі дүниесінде ғана қалады, сырт-
қы жағдаятты «ескеріп» қана, тек 
оған бейімделіп өмір сүреді. Соны-
мен, автордың анықтауынша, өзін-өзі
білдіру дегеніміз – іс-әрекетте, қарым-
қатынаста, өмір міндеттерін шешуде 
көрінетін, адамның өзін-өзі тұлға 
ретінде жүзеге асыру тәсілі. Осылай-
ша, тұлғаның өзін-өзі танытуының 
қажетті тәсілі ретіндегі әлеуметте
өзін-өзі білдіре алу қабілетінің маңы-
зы зор екендігі анықталды.
өзІН-өзІ ЖҮзЕГЕ АСЫРУ
– бұл
тұлғаның жетілген өзіндік реттеу, 
өзіндік басқару негізінде пайда бола-
тын, жақын ортада өзінің әлеуметтік 
статусын жоғарылату қажеттілігінен
туындаған, өзін-өзі көрсету және өзін
әлеуметтік тәжірибе субъектісі ре-
тінде өзін-өзі бекіту бойынша дер-
бес, саналанған, арнайы ұйымдасты-
рылған іс-әрекеті. Осы процестің пси-
хологиялықк механизмдері ретінде 
мыналарды бөліп көрсетуге болады:
1) тұлғаның арнайы түрде ұйым-
дастырылған өзін-өзі зерттеуі (өзін-
өзі тану); 2) адамның өз қасиеттері,
қабілеттері, әлеуметтік құндылықта-
ры жөніндегі түсініктердің қалыпта-
суы (өзін-өзі анықтау); 3) өзіне ба-
ғытталған сыртқы талаптарды мақ-
сатты түрде зерттеу, солармен өз әлеу-
меттік кемелдігін салыстыру, яғни 
өзінің әлеуметтік талаптарға сай бо-
луға дайындығын анықтау (өзін-өзі 
саналау); 4) өзін-өзі тәрбиелеу мін-
деттерін бөліп алу, қоғамдық пайда-
лы іс-әрекет барысында өз жеке ба-
сы бойынша тәрбиелеу жұмысын 
жоспарлау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-
өзі талдау, өзін-өзі қадағалау, өзін-өзі 
бағалау түрлерін анықтау (өзін-өзі 
дамыту).
Адамның өзін-өзі білуі, басқаларға 
таныта білуі – оның ішкі адамгерші-
ліктік болмысын, интеллектуалдық, 
творчестволық мүмкіншіліктерін ашу-
ға үздіксіз ұмтылысы, өз бойындағы 
қасиеттері мен мүмкіншіліктерін ақи-
қат дүниеге белсенді таныту проце-
сі. Бұл ұғым алғашында гуманистік
психологияда пайда болып, кон-
цептуалдық тұрғыда құрастырылды. 
А.Маслоу бойынша, өзін-өзі таныту –
адамның өзінің бойындағы барлық
творчестволық қабілеттері мен мүм-
кіншліктерін едәуір толық ашып, 
жүзеге асыруға үздіксіз ұмтылысы. 
Ол қажеттіліктер иерархиясында 
ең жоғарғы орынды алады. Екінші
тұрғыда өзін-өзі таныту нағыз бел-
сенділігі, шынайы әрекетті білдіре-
тін ұғым ретінде түсініледі. Ағыл-
шын тілінде «action» әрекет мағына-
сын білдіреді. Ал өзін-өзі танытуға 
мәні жағынан жақын ұғым ретінде 
қолданылатын өзін-өзі жүзеге асыру 
ұғымында «геаlіzаtіоn» – Оксфордтық 
ағылшын тілі сөздігіндегі анықтама 
бойынша белсенділікті емес, ал ең ал-
дымен, адамның саналау, ой-әрекетін, 
яғни танымдық іс-әрекетті білдіреді 
О.-о.т. (латын тілінен, асtual – «шына-
йы») – гуманистік психологияның не-
гізгі тұжырымдамалық ұғымы.
А. Маслоу бойынша, «Өзін-өзі таны-
ту – адамның бар мүмкіндігі жеткен-
ше, адам болуға ұмтылу, өзін-өзі же-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   434   435   436   437   438   439   440   441   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет