өзІН-өзІ ТӘРБИЕЛЕУ ( ағыл.
Self- development) –
адамның өзінің тұл-
ғалығын алдына қойған мақсатына
сәйкес қалыптастыруы. Ө.-ө.т. қажет-
тілік өзінің кемшіліктерін саналы ұғы-
ну негізінде басталады. Ө.-ө.т. дара-
лық ерекшеліктерін, қабілеттерін жә-
не мүмкіндіктерін адекватты (сәйкес)
талдамай жүргізуге болмайды. Ө.-ө.т.
адам өміріне үздіксіз жасалады. Ө.-
ө.т.-ді осылайша түсіну, жалпы түр-
де, екі негізгі жайтты бейнелейді: бі-
ріншіден; адамның өз жеке басы бо-
йынша жұмысы ерекше түрдегі іс-
әрекет болып табылады және, екінші-
ден, Ө.-ө.т. өзін-өзі өзгертудің ең жо-
ғары деңгейі болып табылады, бұл
тұлғаның саналы да мақсатқа бағыт-
талған өзін-өзі өзгертуі. Ал кез кел-
ген іс-әрекет үшін, әсіресе іс-әрекет
үшін, әсіресе өзін-өзі өзгертудегі іс-
әрекет үшін жеткілікті дәрежеде да-
мыған ерік қажет. Ерік Ө.ө.т. бағ-
дарламасын іске асырудың қажетті
негізі болып табылады. Л.И. Рувин-
ский бойынша, Ө.ө.т.-дің келесі тә-
сілдері бар – өзін күштеу, өзін-өзі
анықтау, өзіне бағыну, өзіндік бұй-
рық, өзіне еске салу. «Ө.ө.т. бағдар-
ламасы өзін-өзі қадағалау мен өзін-
өзі ынталандырудың құралдарымен
іске асады. «Ө.ө.т. – адамның өзінің
теріс қылықтарын жойып, жағымды
қасиеттерін жетілдіру жөніндегі са-
налы, мақсатты іс-әрекеті.
Өзін-өзі тәрбиелеу элементтері мек-
теп жасына дейінгі балаларда кез-
деседі. Бұл кезде бала өзінің жеке
тұлғалық қасиеттерін түсінбейді. Бі-
рақ өзінің мінез-құлқының ұнай-
тынын-ұнамайтынын ұғып алады.
Өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау және
өз қылықтарын талдау жеткіншек-
алды жаста байқала бастайды. Жет-
кілікті әлеуметтік тәжірибенің жә-
не психологиялық дайындықтың жоқ-
тығынан жасөспірімдер өз қылық-
тарының мотивтерін түсіне бермейді.
Сондықтан үлкендердің көмегінсіз
өзін-өзі тәрбиелей алмайды. Оларға
міндетті түрде педагогикалық жетек-