422
өлшенеді. Тұлғаның жекебастық да-
муын анықтаудың ең басты белгісі
оның қоғамдық, тарихи процестегі
орнын белгілеу болмақ.
Адамның жеке тұлға ретінде қалып-
тасуы, ең алдымен, оның өмірден өз
орнын саналы түрде таба білуіне бай-
ланысты. Жеке тұлғаның өзіндік өмір-
лік ұстанымы оның қоғамға, қоғамдық
байлыққа деген көзқарас пікірден,
іс-әрекетінен, қоғамдық қызметінен,
өмірге деген көзқарасынан білінеді.
Адамның өмірі мен қызметі, өмірге
деген көзқарасы оның мамандығына
байланысты. Адамның өмірлік белсен-
ді ұстанымы еңбек процесінде ай-
қындалады, шыңдалып беки түседі.
Ол іс-әрекет пен сөздің бірлігінен,
адамның алға қойған мақсатты орын-
даудағы белсенділік пен теориялық
білім, білік, іскерлік қабілетін жүзе-
ге асыра білуінен байқалады.
өНЕГЕ
–
ұлағатты адамдардың, қарт-
тардың жастарға көрсеткен үлгісі;
айтқан насихаты. Ұлағатты адам жас-
тарға үлгі-өнеге көрсетеді. Өнегелі –
басқаға үлгі көрсететін, өзгеден өнеге
үйрене білетін адам. Өнегелі адам
иманды, зерделі, инабатты болады,
одан басқа адамдар жақсылықты үй-
ренеді, оны өзіне үлгі тұтады. Өне-
гесіздік адамгершілігі жоқтык, қо-
ғамдық, тұлғалық қарым-қатынасқа
сыйымсыз іс-әрекет ету.
ө Н Е Р
П С И ХОЛ О Г И Я С Ы
–
шығармашылық суреткерлік харекет-
тің психологиялық механизмдерін
және адамның өнер туындыларын
жасау және ұғыну кезіндегі тұлғалық
көрінісінің ерекшеліктерің зерттей-
тін психологиядағы бағыт. Өнер пси-
хологиясының өнер түрлеріндегі (му-
зыка, бейнелеу өнері, әдебиет, театр
және кино өнері, хореография, архи-
тектура) дәстүрлі проблемаларды су-
реткерлік шығармашылықтың туын-
ды туралы ниеттен бастап, оны ұғы-
ну мен бағамдауға дейінгі барлық ке-
зеңдердегі проблемалары болып та-
былады. Көркемдік бейненің пайда
болуы, тәжірибе әсерлерін өңдеу шы-
ғармашылық елестету мен ойлау, шы-
ғармашылық психикалық күй про-
цестері, сондай-ақ тұлғаның белсен-
ділігі мен бағыттылығы проблемала-
ры, суреткерлік қабілет пен талант
зерттеледі. Отандық өнер психоло-
гиясында жасы, білімі, мәдени деңге-
йі, әлеуметтік-демографиялық бел-
гілері бойынша әр алуан топтардың
көркемдік ұғыну процестері зерде-
ленеді.
Суреткерлік туындының құрылымы-
на деңгейлес ұғынудың психология-
лық механизмдер, сондай-ақ бұл ұғы-
ну процесі бұрмаланатын жағдайлар,
көркемдік тәжірибе берудің психо-
логиялық мәселелері, суреткерлік қа-
білеттерді; көркемдік талғамды, өнер-
ге эстетикалық сезімталдықты қа-
лыптастыру мәселелері балалар шы-
ғармашылығының ерекшеліктері зерт-
теледі. Өнер туындыларын ұғына-
тын адамдардың эстетикалық реак-
циясының психологиялық механизм-
дері проблемасын өнер психология-
сының негізгі проблемасы деп есеп-
теген Л.С.Выготскийдің пікірінше,
эстетикалық реакцияны көркем шы-
ғарма құрылымының өзі бағдарлай-
ды. Қазіргі заманғы Ө.п. суреткерлік
шығармашылық процесінінің пси-
хологиялық аспектілерін және сурет-
керлік ұғыну процесін бірлікте жә-
Достарыңызбен бөлісу: