430
дың «Өтіріктің
балын жалап тірі
жүргенше, уын ішіп өлген артық» дей-
тін аталы сөзін әркез есте сақтайтын
болайық.
өШПЕНДІЛІК
– адамның жағым-
сыз мінез бітістерінің бірі. Ө. – тап
тартысы бар жерде, бір-бірімен көз-
қарасы еш уақытта үйлеспейтін кез-
де кейбіреулерде
кездесетін жиір-
кенішті қасиет. Мұндай мінезі бар
адамдар көбінде өліспей беріспейді,
яғни бірін-бірі
өлтіруге дейін бара-
ды. Халқымыз өз ұрпағын ғасырлар
бойы қайырымдылыкқа, гуманистік-
ке, ізгілікке тәрбиелеп келген. Асан
қайғы жырау сонау ерте заманның
өзінде-ақ:
«Ердің құны болса да, алды-
ңа келіп қалған соң, қол қусырып бар-
ған соң, аса кеш те қоя бер, бұрынғы-
ны қуыспа», –
деп жастарды бір-бірі-
мен өшікпеуге шақырған. Халқымыз
да, бір-біріне өшіккен жандарға «Тас-
пен ұрғанды аспен ұр» деп ақыл-ке-
ңес бергені хақ. Жас өскіннің есінен
бұл айтылғандар әркез шықпауы ке-
рек. Ө.-басқа адамдарға өшпенділік-
пен қатынас жасауға құқықтымын деп,
орын
алатын негізсіз адамның нұс-
қаулы психологиялық күйі.
ПАВЛОВ ИВАН ПЕТРОВИЧ
(1849-
1936
). Дүниежүзі физиологтарының
ақсақалы, орыстың ұлы ғалым акаде-
мигі. И.П. Павлов Нобель сыйлығы-
ның лауреаты (1904), 1875 ж. Петер-
бург университетінің, 1879 ж. медиц-
хирург, академияның профессоры.
1891 жылдан өмірінің соңына дейін
өзі ұйымдастырған эксперименталды
медицина институтының физиология
бөлімін басқарған. Ол жануарлар мен
адамның жоғары жүйке қызметін шарт-
ты рефлекс тәсілін тәжірибе жүзінде
зерттеудің негізін қалаушы.
Павлов
Сеченовтың психикалық қызметінің
рефлекстік
сипаты жөніндегі ілімін
онан әрі дамытты, организмнің сырт-
қы ортамен өзара байланысының се-
бебі ретіндегі рефлексті түсіндіре ке-
ліп, мидың заңдылықтарын ашты.
Негізгі еңбектері: «Жануарлардың
жоғары жүйке қызметін (мінез-құ-
лық) объективті зерттеудің 20 жылдық
тәжірибесі», «Шартты рефлекс», «Ми
жарты шарларының жұмысы жөнін-
дегі лекциялар» т.б.
Достарыңызбен бөлісу: