Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет448/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   444   445   446   447   448   449   450   451   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

өТЕМ
өТЕМ


427
ман жоқ. Себебі, ондай адамды елі,
халқы, Отаны еш уақытта да ұмыт-
пайды, есінде сақтайды, деп түйеді 
ақын өз ойын.
Сонымен ақынның қай өлеңін алсақ 
та онда жырланатын үлгі-өнеге, 
тәлім-тәрбиелік аталы сөздердің түп- 
тамыры бір. Халқыңды сүй, көппен
бірге жүрсең қор болмайсың, бәрі-
нен де жұрт мүддесін жоғары ұста, 
халық үшін аянбай еңбек ет, дейді 
Махамбет жастарға. Осылайша те-
бірене жырлаған ақын өсиеттері өз 
оқырмандарын тез баурайды, өйткені
бұларда қазақтың қалың бұқарасы-
ның бір кездегі бар арман-тілегі, ой-
сезімі, мұң-зары сомдана жинақтал-
ған. Махамбет өлеңдері, әсіресе, жас-
тарды уылжыған жас кезінен қанатын 
қатайтып, буынын бекітіп, оларды 
белсенді әрекетке ұмтылдыруда, ерлік 
істерге баулуда таптырмайтын асыл 
мұра.
Профессор М. Ғабдуллин кезінде мы-
надай байсалды пікір айтқан еді: «Бү-
гінгі совет жастарын патриоттық рух-
та тәрбиелеуде ақын-жыраулардын, 
өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде 
пайдасы бар екендігі хақ. Мұндағы 
тәрбиелік мәні бар әңгімелер, бүгінгі 
жастарға жат емес. Халықты сүй, 
халық үшін ерлік еңбек ет. Ел-жұрты-
ңа қорған бол деушілік қазіргі күнде 
ескірген сөздер емес, қайта мағына-
лы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлар-
дың ішінен жастарымызды тәрбие-
леуде әсер ететіндерін таңдап алып, 
орнымен пайдалана білсек, бұл нұр 
үстіне нұр болар еді». Осы тұрғыдан
қарағанда, Махамбет өлеңдерін оқу-
тәрбие ісінде ретімен пайдаланып 
отыру – әрбір тәрбиеші ұстаздың бас-
ты парыздарының бірі.
өТЕЙБОЙДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛ-
ҰЛЫ (1388-1483)
– рухани ортаға-
сырдағы қазақ ғұлама ғалымы. Оның 
«Шипагерлік баян» атты еңбегінде 
қазақтың ой-пікірлері тұңғыш рет
ғылыми тұрғыда төмендегідей пси-
хологиялық сөз болғаны байқалады. 
Көптеген психологиялық ұғымдар 
(«Қуат», «Қабілет, «Ойлау», «Сөйлеу», 
«Мінез» т.б.) туралы психологиялық
(сол кездегі ұғым бойынша) мағ-
лұматтар мол. Ол өзінен бұрын өмір 
сүрген түркілік ұлы ғұламалардың 
әл-Фараби, Әбу әли ибн Синалардың 
жан туралы түсініктеріне сүйене оты-
рып, бүкіл тіршіліктің басқарушысы, 
реттеушісі жүрек дейді. Сөйте тұра 
жан құбылыстарын басқаруға мидың
атқаратын рөлін де жоққа шығармай-
ды. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы есті 
адамдардың негізгі жан қуаттарының 
қатарына жатқызады. Оның пікірін-
ше, ес көрген, естіген нәрсені жадта 
сақтау үшін аса қажет. Арнайы есте
сақтау мақсатында адам тез аңғар-
ғыш, байқағыш және есте қалдырғыш 
болуы тиіс (... тез, шапшаң, жеткілікті 
аңғарып, ойға қонымды, көңілге то-
лымды, өте нанымды, бүге-шегесіне 
дейін есте сақтау) дейді. Ол адамның
қабілет қасиетін дамыту үшін көпте-
ген тау-тас, жер-су және мал мен аң-
дардың аттарын дәл білу қажеттігіне 
үлкен мән береді. Еске сақтау қабі-
летінің ойдағыдай дамуына себеп 
болатын қасиеттің бірі – зейінділік. 
Оның пікірінше, саналы іс-әрекет
зейінсіз іске аспайды. Аталмыш кі-
тапта зейін көбінесе «мәнділік аң-
ғарым» деген ұғыммен беріледі.
Тілеуқабылұлы адамның негізгі жан 
қуаттарының біріне ойлау процесін
жатқызады. Ойлау адам сезім мүше-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   444   445   446   447   448   449   450   451   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет