429
пагерлік баян»
атты медициналық
энциклопедиялық еңбегі бес жарым
ғасырдан кейін өз елмен қауышты.
Оның еңбегімен қазақ, қытай т.б. шет
елдер ғалымдары да танысып, оң ба-
ғаларын берген. Бұл жайт күні кеше-
ге дейін белгісіз болып келген қазақ
ғалымының әлемдік деңгейдегі ор-
нын анықтауға жол ашты. Қазақтың
халық шипагерлерінің сонау ХV ға-
сырда
Қазақ хандығы туын тіккен
кезінен бастап-ақ ілім-ғылым негізі
қаланғанын шипагер Ө. Тілеуқабыл-
ұлының «Шипагерлік баян» атты ме-
дициналық энциклопедиялық еңбегі
айқындап берді.
«Шипагерлік баянның» ең соңғы ал-
тыншы көшірмесінің қытайдағы мә-
дени төңкеріс кезінде өртенуден қал-
ған мың беттен аса қолжазбасын ал-
ғаш баспаға дайындап шығаруға бас-
шылық еткен Шыңжаң ғылым-тех-
ника
денсаулық сақтау баспасы бас
директорының орынбасары, ғалым,
жазушы Хакім Әкімжанұлы. Ғұлама-
ның өз еңбегінде адам жанының нә-
зік білгірі, ойлау, сөйлеу, дара тұлға-
ның қасиеттері туралы сындарлы пі-
кірлері психологиялық ерекшелік-
терін жалаң ұғымдармен түсіндірмей,
сол заманның дәрігерлік ілімі тұр-
ғысынан
сабақтастыра сыр шертке-
ні, оның ілім-білімінің осы саласы-
на орай айтқандары мірдің оғындай
боп тыңдаушысын өзіне баурап ала-
ры хақ.
өТІРІК
ПЕН өТІРІКШІЛІК (СУ-
АЙТ)
– бұл жағдайдағы әдейі бұр-
малау. Өтірік көбіне тез тексерілуі
қиын немесе түрлі
өсек-аяң хабар-
лардың мазмұнынан білініп қалады.
Халқымыздың «Өтірік өрге баспай-
ды», «Өтірікшінің шын сөзі заяға
кетеді» дейді. Оған тән сипат өтірік-
ші өзінің сөзін «дәлелді» ету үшін кей-
бір қулық-сулықты ойлап табады.
Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан
өтірік-өсек адами қарым-қатынасқа
зиянын тигізетіні көпке белгілі. Ол
айналасындағыларды
алдап-сулап
шатастыру арқылы өз масатына же-
туді көздейді. Өтірік айтуды әдетке
айналдырған кісіні жұрт суайт өті-
рікіші дейді.
Суайт –
адам мінезіндегі көргенсіз-
діктің бір түрі. Өтірік айту, сайып
келгенде, өтірікшіге оның өзіне ғана
емес, тіпті оны тыңдайтындарға да
опық
жегізеді Ол жалған сөзімен
айналасын абыржытып, жұртқа ірт-
кі салады. Мәселен, қазір де кейбір
осындайлар «қазір сіздер тұрған
жерде (мектепте, кеңседе т.б.) жары-
лыс болады»
деп телефонмен жал-
ған хабар таратып, жұртты әбігерге
түсіреді, оның айтқаны өтірік болып,
бұл жұрттың ашу-ызасын келтіргені
өз алдына, олардың алтын уақытын
босқа ысырап етеді. Ұлы ғұламалар
жас ұрпақты мұндайлардан әркез
жирендіріп отырған.
Мәселен, Шәкәрім қажы: «Өтіріктен
тілін
тыя алмаған адам арамдықтан
ыңдынын тыя алмас», – десе, Сайф
Сараи: «Өтірік сөз жарақат сияқты,
жазылса да орны қалады», – дейді.
Мұндайлар жайлы дана халқымыз:
«Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам»
немесе «Өтірікшінің өтірігі де өтірік,
шыны да өтірік» деп, пәтуә ететіні
хақ. Жастарымыз Асан қайғы жырау
айтқандай, «жеңемін деп біреуді өті-
рік сөзбен қостама» деген аталы сө-
зін естерінен шығармауы тиіс. Қас
батыр Бауыржан Момышұлы ағамыз-
Достарыңызбен бөлісу: