425
кезінің алдыңғы қатарлы, көзі ашық,
білімді адамы болды. Орыстың белгілі
қоғам қайраткері, саяхатшы-жазушы
Е.П.Ковалевский (1811–1869) Махам-
бет орысша тіл білетін,
халқын жа-
нындай сүйетін, аса сезімтал, бірбет-
кей, қара қылды қақ жаратын әділ, на-
ғыз патриот, еңбекші бұқараға көсем
бола алатын батыр, сергек көңілді кісі
еді деп кезінде тебіренген болатын.
Махамбет шығармашылығын көпте-
ген әдебиетші, тарихшы ғалымдары-
мыз зерттеді. Құнды еңбектер жазды.
Дегенмен, Махамбет шығармаларын
философия, этика, педагогика және
психология ғылымдары тұрғысынан
зерттеудің қажет ететіндігі де талас
тудырмаса керек. Кеңес психологы
Б.М.Тепловтың айтуынша, әдеби мұ-
ралар психология үшін
ешуақытта
мәні үдемесе кемімейтін бірден-бір
қажетті материал болып табылады.
Олай болса, Махамбет өлеңдерінің
педагогикалық, психологиялық жа-
ғын көрсету арқылы біз халқымыз-
дың өткен дәуірдегі озық ой-пікірле-
рімен танысуға мүмкіндік алып, олар-
дың терең ойлы пікірлерін қазіргі күн
талабынан
таразыға салып, тәрбие
процесінде кәдеге асыратын боламыз.
Ата жауымен ақтық демі біткенше
күресе білу, осы жолдағы ерлік, ба-
тылдық, төзімділік, жастарды Отанға,
ата мекенді қастерлеу,
әскери-пат-
риоттық тәрбие мәселелері – Махам-
бет толғауының да, ондағы тәлім-
тәрбиелік идеялардың да ең өзекті
желісі болып табылады. Жауынгер-
ақын күрестің жолы ауыр, оның қиын-
дығы көп, ауырлығы өлшеусіз дей оты-
ра, жастарға, сары уайымға салынып,
босқа дәрменсіз болма, әлсіздікке жол
берме, мақсатыңа сенімді бол деп, ел-
ге қорған бола алатын ер-азаматтар-
дың психологиялық қасиеттерін сом-
дап көрсеткісі келеді.
Ер жігіт кеудеде жаны, бойда қуаты,
баста
ойы тұрғанда торығу, мұқалу
дегенді білмей, қайғы-қасіретке бойын
билетпеуі тиіс. Ал ерлік іс тек жігерлі,
қажыр-қайраты мол адамның ғана қо-
лынан келеді, адамның кісілігі, жақ-
сы-жаман қасиеттері қиын-қыстау сәт-
терде («Ермін деген жігітті, кеңшілік-
те сынама») ғана жақсы байқалады.
Махамбет көтерілісі барысында хал-
қы үшін қалтқысыз қимылдайтын ер
жүрек, батыр адамдармен қатар, тек
өз басының қамын ойлап, жолдастық
қасиеттен жұрдай адамдардың пси-
хологиясын алдыңғысына қарама-
қарсы қойып, бұлардың біріншісін
жұртқа үлгі етсе, кейінгілерінен ха-
лықты жирендіреді.
Жақсыменен дос болсаң, Айырылмас
күні қос болсаң, Басыңа қиын іс түс-
се, Алдыңнан шығар електеп, Жаны-
ңа не керек деп...
Жаманменен дос
болсаң, Айырылмас күні қос болсаң,
Басыңа қиын іс түссе, Басқа кетер-
бөлек деп, Қолдан берер есеп деп,
Сыртынан жүрер өсектеп.
Жеңістің кілті ұйымшылдық пен бір-
лікте, соңғы екеуі адамдар арасын-
дағы шынайы достық пен жолдас-
тықтан туындайды. Жақсы дос сенің
намысыңды қорғайды, қолынан кел-
ген жәрдемін аямайды, қиын сәттер-
де қол ұшын беріп, сен үшін жанын
пида етуге әзір тұрады, жақсы дос –
жанашыр, қамқоршы. Ақын осылайша
нағыз достықтың белгісі қандай еке-
нін
ашып көрсетіп, достың да досы
бар екендігін айтып, жас жеткіншек-
Достарыңызбен бөлісу: