419
тілдіру, өз потенциалын жүзеге асы-
ру қажеттілігі. Бұл жол қиын, себебі
ол белгісіздік пен жауапкершіліктен
қорқу
сезімімен байланысты бола-
ды. Бірақ та ол – нағыз толыққанды,
ішкі дүниесі бай өмірге әкелетін жол.
Өзін-өзі таныту деңгейіне шыққан
адам қызғаныш, ашудан, сыншылдық
пен жаман қылықтардан аулақ болып,
өзінің шынайы
Менін
көрсете біледі.
Өзін-өзі танытатын адамда депрес-
сия, эгоизм және т.с.с. күйлер туында-
майды». О.-ө.т. ұғымы алғаш рет пси-
хотерапевт К.Гольдштейнмен оның
«Организм. Холистік тұрғы» атты ең-
бегінде ұсынылған болатын. Гольд-
штейннің
пікірінше, кез келген ор-
ганизм, әсіресе адам организмі өзі-
не табиғатынан берілген мүмкінші-
ліктерін ашып, танытуға ұмтылады.
Осы мүмкіншіліктерді ашу проце-
сін К.Гольдштейн
өзін-өзі таныту
деп атаған және оны адам өмірінің
негізгі түрткісі және мақсаты деп тү-
сінген. К.Роджерстің (1902-1987) тұ-
жырымдамасында Ө.-ө.т. – адамды
әртүрлі деңгейлерде дамуға мәжбүр
ететін күш ретінде анықталды. Бұл
қасиет адамның моторлық дағдыла-
рын
меңгеруден бастап, оның жо-
ғары шығармашылық шыңдарға же-
туін анықтайды. К.Роджерстің пікі-
рінше, адамның өмір сүруге, өсуге
және дамуға деген туа берілген ба-
ғыттылығы
мен қабілеттілігі бола-
ды. Барлық қажеттіліктер осы тен-
денцияға бағынады, олар жағымды
даму
мақсатында қанағаттандыры-
луы тиіс.
Бала өзінің жасаған әрекеттеріне тә-
уелсіз, басқалардың өзіне деген сү-
йіспеншілік сезімін білуі қажет. Сон-
да ғана айналадағылармен жағымды
қатынас пен өзіндік жағымды қаты-
насқа деген қажеттілік өзін-өзі таны-
ту қажеттілігімен қарама-қайшылық-
та болмайды; тек осы жағдайда ғана
белсенділік психологиялық жақтан
толық әрі үйлесімді қызмет ететін бо-
лады, В.Франклдың пікірінше, өмір-
лік мақсат ретінде көрінетін өзін-өзі
жүзеге асыру феномені мәнісі жағы-
нан, эгоцентрлік болып табылады. Ал
өзін-өзі таныту болмыстың ерекше
«мағыналық», «тұлғадан жоғары»
мақсаттарға жетудің амалы болуы
үшін
адам басқаларға бағьтталып,
болмыстың мағыналық категорияла-
рына көңіл бөлуі қажет.
Қазіргі заманғы ресейлік психоло-
гияда өзін-өзі танытудың әртүрлі
сипаттамаларын негіздаумен айна-
лысып жүрген ғалымдардың ішін-
де ресейлік психологтар А.А.Реан
және Е.В.Вахромовты
атауға бола-
ды. А.А.Реан өзін-өзі танытуды жетіл-
ген тұлғаның маңызды сипаттамасы
ретінде санап, өзін-өзі дамытуды
адамның өмір жасын ұзартудың
мықты көзі ретінде тапқан. Ол өзін-
өзі танытатын тұлғаның маңызды
анықтауышы
ретінде өзіндік транс-
ценденттілікті бөліп қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: