405
Шәкірттің білім меңгеруі, мұғалімнің
сабақ оқытуы, екеуі де – «инемен кұ-
дық казғандай» қиын нәрсе. Мәселен,
мұғалім оқушыға бұрыннан таныс
нәрсені ығыр қылып айта берсе, осы
жағдай онда ақыл-ой керенаулығын,
кейде тіпті оқудан жиренушілікті ту-
ғызуы мүмкін. Сондықтан ұстаз әр-
кез шәкірттің рухани тілектерін, та-
ным белсенділігін шөліркетпей, оны
үнемі қанағаттандырып, оның таби-
ғатты, өмірді, адамдар еңбегін білуге
құштарлығын түртпектеп дамытуы
қажет. Тіпті балабақшасындағыларда
«бәрін білуге» құштарлықтан туын-
дайтын тамаша қасиет бар. Мәселен,
олар «Артқы ұзын аяқтар қоянға неге
керек?», «Ақ тиін неге ағаш басында
тіршілік етеді?», «Үй төбесінде шал-
қалап тұрған шыбындар неге құлап
кетпейді?» т.б. осы іспеттес көптеген
шытырман сұрақтар қоюға әуес ке-
леді. Кейбір ата-аналар, кейде мұға-
лімдер де балалардың осындай ай-
наланы білсем, танысам екен деген
табиғи талпыныстарына жауап бере
бермейді. Көбінде олар «сен мұны
бәрібір түсіне алмайсың, кейін мек-
тепке барғанда оқисың ғой» деп «ұзын
арқан, кең тұсауға» салып жүре бере-
ді. Әрине, сұрақ біткеннің бәріне жа-
уап қайтара берудің де қажеті жоқ,
өйткені мұндай сауалдардың кейбі-
реулері осы жастағы балалардың ин-
теллект мүмкіндігін көтермейді де.
Бірақ мына жағдай әркез есте болуы
тиіс. Егер жас баланың потенциал-
дық мүмкіндіктері жете бағаланбаса,
яғни оның рухани тілектері қанағат-
тандырылмаса, бұл жағдай оның ай-
наланы танып-білуге құштарлығының
біртіндеп сөнуіне, самарқаулыққа са-
лынуына себеп болуы ықтимал. Шә-
кірт ақыл-ойын жүйелілікпен дамы-
ту үшін оқытуды тым жеңілдетудің
де қажеті жоқ. Шәкірттің ақыл-ойы-
на жеткілікті азық беретін оқу ғана
қарқынды дамытуға септігін тигізе
алады. Міне, оқушының ойлау бел-
сенділігінің осылайша дамуынан бі-
лім мен дағдыға, икемге қанығудың
негізі қаланады. Оқыту процесін пси-
хологиялық жағынан қарастыратын
П.Я.Гальперин теориясынан басқа да
әртүрлі тұжырымдамалар бар. Со-
лардың бірі – проблемалап оқыту.
Бұл ұстаз бен шәкіртке ортақ таным-
дағы белсенді ой тәсілдері мен із-
деніс әрекеттерінің заңдылықтарын
(проблемалық ситуация, танымдық
қызығу, қажетсіну, т.б.) ескере отырып
жасалған, оқытудың бұрыннан мә-
лім тәсілдерін қолдану ережелерінің
жаңа жүйесі. Бұл – шәкірттерді дамы-
та оқытуға, яғни ғылыми ұғымдары
мен ғылыми дүниетанымы әр жақ-
ты дамыған жеке адамды, онын ақыл-
ой белсенділігін қалыптастыруға ба-
ғытталған оқыту әдісінің өзіндік жү-
йесі.
Шәкірттердің ойлау қабілетін дамы-
туға оқытудың проблемалы сипатта
болуы ерекше әсер етеді. Проблема-
лық оқу – оқушыға беретін білімнің
бәрін мұғалімнің өзі баяндап бер-
мей, олардың алдына сұрау салып,
мәселе қойып, соны өздерінше шешу-
ге бағыттау.
Әрине, кез келген сұрақ проблемалы
бола бермейді. Проблемалық сұрақ –
білетін мен білмейтіннің арасындағы
қайшылықты іздеу, оны шешуге қа-
жетті жетіспей тұрған тәсілді табу.
Бұлай оқытудың басты жолы – оқу-
Достарыңызбен бөлісу: