402
ғалардың әртүрлі
бейнесін талдай-
ды, салыстырады, жинақтауға ұмты-
лады. Көрнекілік – бейнелік ойлау не-
гізінен қабылдау мен елестетулерге
негізделуі қажет. Бұл ойлаудың түрі
негізінен өнер адамдарына, шығар-
машылықпен жұмыс істейтін маман-
дықтың өкілдеріне тән. Атап айтқан-
да, жазушыларда, суретшілерде, саз-
герлерде, актерлерде көрнекілік-бей-
нелік ес басымырақ келеді.
Мұғалімдер оқыту үрдісінде шәкірт-
тердің көрнекілік-бейнелік есін да-
мытуға
ерекше мән береді, сабақта
көрнекілікті жиі қолдана отырып,
балалардың қызығуын, таным ерек-
шеліктерін дамытуға, ой-өрісін, бел-
сенділігін
арттыруға, шәкірттердің
оқу материалын терең меңгеруіне
көмектеседі.
Дерексіз ойлау жалпы және дерексіз
ұғымдарда негізделеді. Бұл ойлау
екінші сигнал системасының қызме-
тімен байланысты. Алгебрадан есеп-
терді шешуде біздің ойларымыз бен
пайымдауымыз дерексіз ойлауға мы-
сал бола алады. Дерексіз ойлаудың
нақтылы
ойлаудан жан-жақтылығы-
мен ерекшеленіп қоймайды, сонымен
қатар шындықты терең пайымдау ар-
қылы іскс асады. Бір ғана пікірде біз
барлық заттар мен құбылыстарға қа-
тысты байланыстар және заңдар ту-
ралы ойлауымыз мүмкін. Кейбір де-
рексіз пікірлерде қабылдаулар, елес-
тетулер арқылы болмайтын заңды-
лықтарды қамти аламыз. Дерексіз та-
биғат туралы, заң туралы, сан және
сапа туралы ойлай аламыз.
ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІ
–
оқу міндетте-
рінің орындалуы төмендегі О.і.-ә.
арқылы жүзеге асырылады: 1) оқу
міндетін қабылдау немесе өзінше
қою; 2) оқылатын затқа қатысты
кейбір ортақ мәселелерді айқындау
мақсатында оқу міндеттерінің шарт-
тарын сәйкестендіру; 3) белгіленген
қатынастардың заттық, сызба не
өзге белгілер түріндегі үлгісін құру;
4) оның қасиеттерін «таза» түрде
көрсетуге арналған үлгі құру; 5) жал-
пы амалмен орындауға болатын же-
ке тапсырмалар жүйесін құру; 6) ал-
дыңғы әрекеттердің орындалуын ба-
қылау; 7)
оқу міндетін орындаудың
нәтижесі ретінде жалпы амалдарды
меңгеруін бақылау. О.і.-ә. оқушының
қабілеттерін, білімдерін, икемдікте-
рін және дағдыларын дамытуға ба-
ғытталған өзінің жекелік әрекеттері.
О.і.-ә.-
адамның жаңа білімдерді,
икемділіктерді және дағдыларды
немесе ескілерді өзгертіп игеретін
үрдіс. О.і.-ә. жоспары – оқытылатын
пәннің тізімдерімен, олардың оқу
жылына
әр пәнді оқытуға сағаттың
бөлінуін, мектеп оқушыларының ап-
та бойына меңгеретін пәндер жоспа-
рын қарастыратын нормативті құжат.
О.і.-ә ұйымдастыру түрі – оқытудың
әдіс-тәсілдерін тиімді қолдануды
жүзеге асыру үшін оқушыларды топ-
тастыру. Жекелік, тұтастық, топтық
және ұжымдық болып бөлінеді. Бұ-
лардың бәрі өзара байланысты.
ОҚШАУЛАУ
(франц.
іsоlаtіоп – бөлі-
ну, жекелену).
Бұл мәнде бірнеше ар-
найы салаларда қолданылады; 1) ге-
нетикада – көбейген популяцияның
түрдің басқа мүшелерінен бөлінуі.
Мұндай бөліну күрделі
әлеуметтік-
мәдени факторларға байланысты
туындауы мүмкін. Мұндай топ кө-
беюші изолят деп аталады; 2) психо-
Достарыңызбен бөлісу: