§ 3. Зейіннің құрылымы мен түрдері және қасиеттері Зейін адамның еркіне қарай
ырықты, ырықсыз және
үйреншік-ті болып үш түрге бөлінеді.
Ырықсыз зейіннің психологиялық әдебиеттерде бірнеше синонимі бар. Кейбір зерттеулерде ол пассивті зейін,
енді бір құралдарда эмоциялық зейін деп аталады. Бұл екі түрлі атау да мәні жағынан ырықсыз зейіннің ерекшелігін
көрсетеді. Пассивті зейін нәрсеге бағытталған сананы шоғырландыру үшін ерік күшінің қажет емес екендігін білдіреді.
Ал ырықсыз зейінді эмоциялык деп атау зейіннің объектісі және соған байланысты көңіл-күй мен эмоциялар,
қызығулар, мақсат-мүдде арасындаеы арақатынастың мәнісін білдіреді. Сонымен, ырықсыз зейін деп сананың белгілі
объектіге бағытталып, соған шоғырлануын айтамыз. Сан қилы тітіркен-діргіштер ішіңен күші басьш тітіркендіргіш
зейінді өзіне еріксіз аударады. Мысалы, сөреде қатар тұрған кітаптар арасынан мұқабасы қызыл кітап бірден көз
тартады. Мұның себебі — қызыл түстің көзге әсер ету коэффрциентінің күшті екендігінде. Осы орайда, мәнерсіз
бірқалыпты айтылған сөз баскалардың назарын өзіне жөнді аудара алмайды. Ал мәнерлі, әсерлі сөздер адамның зейінін
өзіне еріксіз тартып алады. Қез-келген тітіркендіргіштің адам зейінін өзіне аударуы оның әсерлілігіне байланысты.
Сондай-ақ, тітіркендіргіш-тердің жаңалығы да ырықсыз зейін тудырады. Мәселен, жаңа маркалы автомашина, не
қабырға газетінің жаңа нөмірін көріп қалсақ, оған еріксіз назар саламыз. Зейіннің осындай қасиеттерін ескеріп, сабақта
түрлі көрнекі кұралдарды пайдалану жемісті нәтижелер бермек. Әсер етіп тұрған тітіркендіргіштің басталуы мен
аяқталуы — ырықсыз зейінді тудырудың қайнар көзі,
Адамның таным әрекетінде көңіл-күйге қатты әсер ететін нәрселер де ырықсыз зейін тудырады. Мысалы, бояуы
қанық заттар, құлаққа жағымды әуенді дыбыс-тар, хош иісті өсімдіктер мен нәрселер, Адамды таңдандырып,
сүйсіндіретін нәрселер де зейінді өзіне еріксіз аударады. Көркемөнер туындыларының адам сезіміне күшті ықпал етуі де
ырықсыз зейін тудырып, танымдық процестер мен ойлау әрекетін күшейте түседі. Ырықсыз зейіннін, тұрақты болуы
адамның ықылас-ынтасы мен қызығуының артуына байланысты.