Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы- мы пән


§ 4. Қайта жаңғырту, тану мен ұмыту



Pdf көрінісі
бет104/133
Дата03.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#170897
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   133
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

§ 4. Қайта жаңғырту, тану мен ұмыту
Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы болып екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғырту — мақсатсыз. Мысалы,
музыканттың белгілі ән-күйлерді күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болады. Оған адам өзінің
ерік-күшін жұмсайды, арнайы әдіс-тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылдағандарын қайта жанғыртып, жүзеге асырады.
Тану 
— естің бұрынғы қабылдағандарға кезіккенде көрінетін қайта жанғыртудағы қарапайым түрі. Тану қабылдау
дәрежесіне орай түрліше болады. Мәселен, кейбіреулер бұрынғы көргенін бірден айнытпай таниды, енді біреулер тіптен
тани алмай қиналады. Тану ұқсатумен де байланысты. Мысалы, адам бір жерге келгенде, бұрын көрген сондай бір жерді
есіне түсіріп, айналадағы нәрседерді соған ұқсатады.
Ес елестері
. Жаңғырту бейне түрінде де болады. Бұрын қабылданған нәрселер мен қазір жоқ көріністің бейсі еске
түседі, Соған орай көрген нәрсенің бейнесі көзге елестейді, ал естіген нәрсенің дыбысы құлаққа келеді. қабылдау
процесіне бірнеше талдағыштар қатысады.Елестетулерді сөзбен айтып та, пікірлер мен ой қорытындылары арқылы да
тудыруға болады.
Елестетулер жалқы және жалпы сипатта да болады. Бір ғана нәрсені елестету — жалқы, ал жалпы елестету —
тектес, ұқсас нәрселерді жеке-жеке қабылдау нәтижесінде пайда болатын бейнелер. Жалпы елестетулердің
тұрақтылығы, анықтығы жалқы елестетулерге қарағанда, солғын, көмескі болады. Адамның тікелей сезімдік танып білуі
мен абстрактілі ойлау арқылы танымы арасындағы жалғастырушы көпір — елес деуге болады. Өйткені, елес ойлау
әрекетінде нәрселер мен құбылыстардың саналуан қасиет-белгілерінен елестеген жалқы нәрсенің қасиет-ерекшеліктерін
ғана жалпылап тануға бейімдеп отырады.
Ұмыту,
Бұрын қабылданған материалдарды есте сақтамайынша, тани алмаймыз. Ұмыту дегеніміз —
қабылданғанды, есте қалдырғандарды қажет болған кезде еске түсіре алмау, танымау немесе еске түсіру мен танудың
қателесіп жанылысуы. Ұмыту жүйке қызметінің күйіне байланысты. Жүйке жүйесі әбден шаршағанда не ауруға
ұшырағанда, адамда ұмытшақтык күшті болады. Ұмыту қабылданған материалдардың нашарлығына да байланысты.
Жүйке жүйесінің нашарлауына орай ұмытшақтық қартайған адамдарда жиі кездесе береді. Мәселен, аты әлемге әйгілі
160


табиғат зерттеушісі, ғалым Қарл Линней әбден қартайғанда өзінің 40—50 жыл бұрын жазған шығармаларын оқып
отырын: “Шіркін-ай, мен осындай шығарманың авторы болсам”,— деп таңырқапты. Атақты жазушы Вальтер Скотт
“Айвенго” атты романың науқастанып жүрген кезінде жазыпты. Роман басылып шығады. Ауруынан айыққан соң В.
Скотт өз романынын қай кезде жазылғанын еске түсіре алмапты Мұндай құбылыс психологияда 
амнезия 
деп аталады
және бұл құбылыстар мидағы тежелу, өшу заңдылықтарына байланысты. Бірақ өшкен, ұмытылған байланыстар бір
кезде жаңғырьш, еске түседі. Бұл ес процесінде 
реминисценция 
делінеді. Мәселен, бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде
немістерде тұтқында болған Ресей солдаты Германияда ұзақ жылдар бойы тұрып, кейін еліне оралады. Еліне келген соң
арада бірнеше жылдан кейін бұрын меңгерген неміс тілін мүлде ұмытып қалады. Ауырып, ауруханаға түседі. Бір күндері
бойы сергігенде, ол орнынан тұрып, бұрынғыша немісше сөйлеп кеткен.
Осы орайда, уақытша ұмытуды
сақтық тежелу
деп атайды. Ұмыту — жүйке клеткаларьшдағы тежелу
процестерінің дамуы. Адамның бұрынғы істеген қызметі қазіргі есте сақтау жұмысыиа бөгет болса, оны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет