Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы- мы пән



Pdf көрінісі
бет109/133
Дата03.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#170897
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   133
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

Уйреншікті зейін
— зейіннің ерекше түрі. Атынан көрініп тұрғанындай, ол ырықты зейіннен кейін жасалады.
Сонымен, үйреншікті зейін- дегеніміз — қажетті әрі құнды больш саналатын объектіге адам санасының шоғырлануы.
Үйреншікті зейіннің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол қызығу негізінде қалыптасады. Бірақ бұл нәрсенің қасиетіне емес,
адамның тіршілік мақсатына сәйкес мүд-делі әрекетіне байланысты. Мұндағы маңызды нәрсе — істің нәтижесі.
Әрекет кезінде үйреншікті зейіннің пайда болуы — әркімнің өзіндік ерекшеліктері мен еңбектену әдеттерінің
жемісі. Кейбір адамдар ауыр деген жұмыстың өзін аса қиналмай-ақ, ойнап-күліп жүріп тындыра береді, Мұндай
жағдайларда ырықты зейін үйріншікті зейінге оңай ауысады. Ондайда адам шаршағанын да байқамай қалады.
Зейіннің жоғарыда қарастырылған үш түрі де бір-бірімен тығыз байланысты. Адамныңщ іс-әрекетінде зейін
түрлері алма-кезек өзгеріп, бір-біріне ауысып отырады. Ұстаздар оқу-тәрбие істерінде оқушы зейінін сабаққа
бағдарлаумен ғана шектеліп қоймай, олардың өз зейінін басқара алатындай ерік саналарын қалыптастыруға баса көңіл
бөледі.
166


Сырткы және ішкі зейін түрлері
. Объектісінің орналасу-жағдайына орай, зейін сыртқы және-ішкі болып
бөлінеді. Зейінді меңгеру мен оның кейбір ерекшеліктерін дұрыс түсіну үшін сыртқы және ішкі зейіндер адамның дене
әрекетін меңгеріп, реттеуге бағытталған. Мұны перцептивті зейін деп те атайды. Ішкі зейін — сананың ішкі іс-әрекетке,
ішкі дүниеге бағытталуы. Зейіннің бұл түрі адамға ғана тән. Ол жануарларда болмайды. Өйткені,олар өз жан дүннесінің
сырын шолып біле алмайды. Сыртқы және ішкі зейіндер бірін-бірі тежеп отырады.Себебі, сананы сыртқы әрі ішкі
құбылыстарға бір мезгілде бағдарлау өте қиын. Ішкі зейіннің объектілері: сезімдер, елестер, ойлар. Бұлар адамның
шртқы қимыл-
дары, ернінің жыбырлауы, жеке сөздерді айтып қалу, дене мүше-лерінің түрлі қимыл-қозғалыстары арқылы
байқалады. Ішкі зейіндер — сана мен өзіндік сананың дамуы үшін қажетті шарт. Онсыз адам болашақ қимыл-
қозғалыстарын, олардың нәтижесін болжай алмайды. Ойлай білу, ой арқылы әрекет жасау ішкі зейіннің жетілуімен
байланысты. Ішкі зейін қалыптаспайынша, адамның ақыл-ой, эстетикалық жағынан дамуы мүмкін емес.
Жеке адамның дұрыс қалыптасуы үшін өткенді бағалау, мен бастан кешкендерге, көрсетілген қылықтарға зейіи
аударып, талдау жасау саналы әрекетті жетілдіре түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет