3) рефлекстің бұл түрі тума болғандықтан, тұрақты, 4) рефлекстің жасалуы үшін ешқандай шарттын қажеті жоқ
(мысалы, тамақ ауызға түсісімен,
сілекей пайда
86
болады). Ал шартты рефлекстер организмде жүре-бара, ми қабығында жасалады; ол уақытша; шартты рефлскстер
жасалу үшін мида шартты және шартсыз екі түрлі тітіркендіргіш мезгіл жөнінен ұштасып, соның нәтижесінде уақытша
жүйкелік байланыс орнауы қажет. Сондықтан шартты рефлекс жасалу үшін организмнің сырт-қы ортамен уакытша
байланысы орнығып, атқаратын қызметіне орай ол сигналдық сипатта болады. Шартсыз рефлекс пен шартты рефлекстің
жасалуы 16, 17, 18-суреттерде бейнеленген.
16-сурет.
Шартты рефлекстін жасалу жолы.
I. Сілекей шығаратын шартсыз рефлекс, II. Жарықтын әсерімен мидағы көру орталығында қозудың пайда болуы.
III Жарықпен (шартты тітіркендіргіш), тамақ-пен {шартсыз тітіркендіргіш) күшейту, мида бір мезгілде қозудың екі
алабы пайда болады, IV. Шартты рефлекстің пайда болуы
77
17-сурет.
Шартсыз сілекей бөліну рефлексінің сызбасы.
18-сурет.
Шартты рефлектің жасалу сызбасы.
Осындай ерекшеліктеріне орай рефлекстің екі түрінің арасында ешкандай байланыс жоқ екен деген түсінік тумауы
керек. И. П. Павлов пен оның ғылыми қызметкерлерінің ұзақ жылдар бойы жүргізген
тәжірибелері шартты
рефлекстердің сыртқы жағдайдын өзгеруіне сәйкес және сол жағдайларға бейімделу нәтижесінде шартсыз рефлекстерге
әуысып отыратындыгын дәлелдеп береді. Сөйтіп екі түрлі бұл рефлекстердің арасында өзара байланыс болып
отыратыншдығын нақты мысалдармен анықталды. Шартты рефлекс-тердің жасалу
негізінен организмнін сыртқы
тітіркендіргіштерге әсерленіп, мидың белгілі алабында қозу процесінің пайда болуы
және сол тітіркендіргіштін,
қайталануы мен жүйкелік байланыстар нәтижесінде нығаяды. Мұны И Павлов ми қабығындағы уақытша жүйкелік
78
байланыс деп атады Осындай байланысты зерттеу үшін жарық жағылып, итке тамақ берілген.
Кейін бұл тәжірибс
қайталанбаса да, ит сілекей шығара берген. Жеке алған да оған мүлдем қатыссыз, бейтарап
тітіркендіргіш болып
саналатын жарык. тамақпен бекіндірілу нәтижесінде үшін биологиялық маңызы бар тітіркендіргішке айналу отыр.
Организмге қажетті осы тәрізді құбылыстарі білдіретін әр түрлі сыртқы тітіркендіргіштердің әсері- нен пайда болатын
ми қабығының қызметі сигналдық қызмет деп аталады. Шартты рефлекстер табиғи жағдайда да,
сыртқы ортаның
өзгерген жағдайларына байланысты жасалады. Мысалы, жабайы аңдардың кейбірі адамды алғаш көргенде сескенбеуі
мүмкін. Бірақ адам оларды ұстай бастаса, жануарлар өз мінез-құлқы өзгертеді, адамды керісімен тығылады, не қашуға
тырысады. Демек, мұндай жағдайда жасалған рефлекс аи тіршілігі үшін өте пайдалы шартты рефлекс бодып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: