Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы- мы пән



Pdf көрінісі
бет44/133
Дата03.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#170897
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   133
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

дифференциалдық тежелу
деп атады.
Шартты рефлекстің кешігуі — тежелудің бір тармағы. Мұңдай тежелу итке тамақты кешіктіріп беріп әсер ету
нәтижесінде байқалған ішкі тежелуге байланысты шарты рефлекстің кешігуі.
Ұйқылық тежелу,
Тежелудің бұл түрін кейде
жайылмалы тежелу
деп те атайды. Өйткені, тежелу процесі ми
қабығындағы орталықтарға түгелдей жайылғанда, ұйқы пайда болады. Ұйықтаған кезде адамның ми қабығындағы
орталықтармен бірге ми бағанасындағы орталықтар да тежеледі. Мұндай қалыпта сана болмайды, сезгіштік мүлдем
бәсеңдейді, шартты рефлекстер сөніп, ми тынығады. Біз бұл жайттан тежелу мен қозудың өзара тығыз байланысты
физиологиялык процсстер екендігін анық аң-ғарып
 
олардың үнемі өтш жататындығына көз жеткіземіз және бұл
процестер мн жұмысының негізгі заңдарына бағынады.
Мидың талдау және біріктіру қызметі,
Талдау мен біріктіру организмнің үнемі өзгеріп отыратын ортаға
бейімделіп шартты рефлекс жасауы үшін қажетті жүйелі процестер. Сондаи әрекетгері арқылы организм өзінің мінез-
құлқын тіршілік ортасымен сәйкестендіріп отырады. Сондықтан, мидың талдау мен біріктіру қызмсті --органнзм өмірі
үшін негізгі шарт.
Талдау дегеніміз — ортаның ішінен организмге әсер ететін күрдслі нәрселерді талдап ажырату әрекеті. Ал
керісінше, сол талданған жеке нәрселер мен элементердің басын құрап біріктіру, тұтастырып комплекс жасау әрекеті.
Мәселен, жануарлар үшін әрбір сыбдыр, әр түрлі көлеңке, болмашы иіс, ауадағы нәзік дірілдер т. б, сондай әсерлер —
тамақтын не қауіп-қатерден алыс жақындығын хабарлап отыратын сигналдар. Жануарлар сол сигналдар арқылы
өздеріне төнген қауіпті жағдай не тамақ туралы уақытында хабар алып отыру нәтижесіиде ғана, басқаша айтқанда,
мидың талдау және біріктіру әрекетіне сүйене отырып, тіршілік етеді
75


Талдау мен біріктіру әрекеті хайуанаттар тіршілігінде қаншалық-ты манызды болса, ал осы жүйкелік әрекеттердің
адам өмірінде атқаратын қызметі мен алатын одан да жоғары. Талдау мен біріктіру әрекеттерінмеңгеріп, олардың мән-
жайын түсіну, күнделікті іс-әрекет пен тәжірибеде қолданып отыру — адам психикасын же-тілдіре түсудегі қажетті
шарттың бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет