Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы- мы пән


§ 2. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі



Pdf көрінісі
бет42/133
Дата03.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#170897
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   133
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

§ 2. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі
Жүйке жүйесінің қызметі жайында зерттеу жүргізіп алғаш рет байсалды пікір айтқан - француз ғальмы Р Декарт
(1596-1654) Ол өз еңбектерінде жүйке жүйесінің рефлексі жайында өз дәуірінің талабына сәйкес құнды пікір айтып, оны
дәлелдеп те берді. Ал реф-лекстің биологиялық сипатын ашьш көрсеткен чех ғалымы Иржи Прохаске (1749-1820) Ол
ғылымға “рефлекс” ұғымын ендіріп, оның мәнін ашып түсіндіреді “Рефлекс” —латын сөзі, қазақша
бейнелеу
деген
мағынаны білдіреді. Ал
рефлекс
терминінің нақты мағынасы — сырттан не іштен келетін тітіркендірпштерге
организмның жауап қайтару реакциясы Рефлекстер — жануарлар мен адамдардың тумысынан пайда болатын
қасиеттері. Мысаты, электр тоғымен иттің аяғына әсер еткенде, ол аяғын жылдам тартып алады. Анасы жаңа туған
нәрестені емізетін болса, бала еме бастайды. Осындай әрекеттердің бәрі — сан алуан рефлекс түрлері
Организмнщ рефлекторлық қызметін ғылыми тұрғыдан жете зерттеген әйгілі физролог ғалымдар И Мсеченев
пен И П. Павлов өз еңбектерінде жоғары жүйке қызметінің заңдылықтарын (қозу мен тежелу, динамикалық стереотип,
бірінші және екінші сигнал жүйелері ашып көрсетті. Организмнің сыртқы әсерлерге тұтастай не жеке мүшелермен
жауап беруі (рефлекстер) клеткаларының тітіркеніп, физиологиялық процестердің туындап отыруына байланысты
екендігі анықталды.
Қозу мен тежелу
— шартты рефлекстердің жасалуына психика-лық әрекеттердің пайда болуына негіз болатын
физиологиялық процестер. Олар бір клеткадан екінші клеткаға афференттік және эфференттік клеткалардың түйісетін
жері с и н а п с арқылы тара-лады. Қозу мен тежелу — организмді еыртқы ортамен теңдестіруге қатынасып отыратын
негіагі физиологиялық процестер. Ми — психиканың анатомиялық негізі болса, ал сырттан келетін әсерлерге
байланысты оның қабығында пайда болаттын қозу мен тежелу — психиканың физиологиялық негізі.
Қозу мен тежелу — жүйке клеткаларына меншіктелген, оның негізгі табиғи қалпы және жоғары жүйкел әрекет
физиологиясының күрделі проблемасы. Нейрондардың қозуы — осы клеткалармен байланысты мүшелер әрекетінің
нәтижесі, ал тежелу — осы әрекеттің сендеп не мүлдем тоқырауының сипаты. Осы процест өза-ра байланысынсыз
организм реакциясының іске мүмкін емес. Рефлекстің жасалу жолы мынадай: оргнизм рецепторына (сезгіштік жүйке
аппараты: көзі кұлақта, теріде, т. б.), сыртқы әсерлердің немесе мүшелердің тітіркендіргіші әсер етеді, қабылданған сол
тітіркену жүйке процесіне айналып, қозу пайда болады.
Ми қабығында түрлі алаптарда қозудың пайда болуы мен оның қозғалысьш


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет