Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы- мы пән



Pdf көрінісі
бет60/133
Дата03.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#170897
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   133
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

Хтарау. ҚАБІЛЕТ
§ 1. Қабілеттің жалпы
снпаты
97


Қабілет деп әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз — мақсатқа
бағытталған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны
нәтижелі етіп атқаруы.
Адамның қабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тәлім-тәрбиеге орай әрбір адамда түрліше сипатта өтеді.
Адамның қандай да болмасын белгілі бір іс-әрекет түріне қабілетті болуы мынадай екі түрлі көрсеткіш арқылы
анықталады:
1. Іс-әрекетті тез өзгерту.
2. Іс-әрекетті орындау нәтижесінің сапасы.
Егер адам өзге адамдармен салыстырғанда, біріншіден, қолға алған істі қалайда болмасын тез және табысты
меңгеріп, сол әрекетке лайық дағдыны оңай-игеретін болса, екіншіден, белгілі бір деңгейде жетістіктерге жетсе, оны
қабілетті адам дейді. Сонда қабілеттіліктің сыры неде? Ңе себепті әр адамның жетістіктерге жетуі бірдей жағдайда
түрліше көрсеткіштерге ие болып, іс-әрекет нәтижелері әр қилы болады?
Әрбір адамның іс-әрекетті орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным процесінің даму ерекшеліктеріне,
жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына, сізім мүшелерінің сыртқы тітіркен-діргіштерге әсерленіп, былдау
жылдамдығына және адамның даралық қасиетіне байланысты. Қабілеттілік — адамдағы жеке-дара өзіндік ерекшелік,
яғни бір адамның екінші адамнан ырмашылығын көрсететін пеихологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын
былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы бол-уы-көбінесе музыкантарға, ал бойшаң болып келу —
баскетболшы спортшыларға тән ерекшелік. Адам бойындағы ершеліктер қабілет-тіліктің тек белгілі бір іс-әрекетке орай
табыска жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қабілеттілікке аса қажетті қасиет, мысалы, музыка саласында әуенді есту
мен ырғақты сезу, оларды бір-бірінен айыру болып табылады, Ал қимыл-әрекет реакцияларының жылдамдығы
неғұрлым жоғары деңгейде болса спорт түрлерімен шұғылдануға өзіндік әсері мен мен пайдасы тиері даусыз,
Кез-келген адамньщ екі-үш түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі болады. Бұл — адам қабілетінің жалпы түрі, өмір
сүруі мен тіршілік етуге деген икемі және әрекетшіл көрінісі.Адам әрекетсіз, еңбексіз ешқандай іс тындыра алмайтын
болса, ол өмір сүре алмас еді. Жалпы, қабілет адамның жеке басының әрекетім байланысты түрде жүзеге асады
Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік
орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан, дағды мен икемділіктен айқын көрінеді.
Әр адамның іс-әрекеттің бір түріне икемді болуы оның сол әрекетті орындауы үстінде, әсіресе, істің нәтижесінен
анық байқалады Бұл — адамдардың даралық ерешеліктері. Мысалы, бірдей жағдайда бір істі бір адам тез меңгеріп, өте
шапшаң, нәтижелі әрі сапалы етіп атқарса, ал екінші адам іске бірден төселіп кете алма сол іс-әрекеткелайық әдет-
98


дағдыларын қалыптасты мағандықтан, істі баяу, нәтижесіз, сапасыз атқару мүмкін. Бұл жайттар бірінші адамның
қабілеттілі екінші адамға қарағанда әлдеқайда жоғары деңгей, дамығандығын көрсетеді.
Адамның істеген ісі мен әрекетін бақылап көрмей тұрып, оны сол іске қабілетті не қабілетсіз деп кесіп айтуға
болмайды. Мәселен, сурет өнерінің, әлшпесімен әлі танысьш үлгірмеген баланы өнердің бұл түріне қабілетті қабілетсіз
деу әлі ертерек. Тек ұйымдастырылған оқу тәрбие негізінде ғана оның сол іс-әрекет түріне қанщалықты бейімді
екендігін білуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет