босатып жіберуіне де байтанысты. Мысалы, аспандағы бұлтқа қарап, оны әр нәрсеге ұқсату, немесе біреу әңгіме айтып
отырғанда, оның басынан кешіргендері тыңдаушының көз алдынан ағыльш өтіп жатуы, Осы екі мысалдың бірінші
жағдайын-да — қарапайым қиялдау затты қабылдаса, ал екінші жағдайда сөзді қабылдаудан елес пайда болады. Елее—
қиялдың пассив түрі.
Қиялдың саналы әрі жемісті түрі —
ырықты
қиял,
Бұл — адамның алдына сақалы түрде мақсат қоя отырып, әдейі образдар жасау мен қажетті бейнелер тудыруы.
Қиялдың бұл түрі балалардын ойын әрекетінен де анық байқалады. Ұшқыш, дәрігер, ғарышкер, т
.
б. болып ойнауларына
қарап, олардың ырықты қиял-дарын аңғаруға болады. Өйткені, ырықты қиял еңбектену процесінде дамып, әрбір
адамнын іс-әрекеті мен жұмыс нәтижелерін алдьш-ала көз' алдарына елестетеді, Оларды орындауға, қимыл-әрекеттерді
жоспарлы түрде жасап отыруға міндеттейді. Ырықты қиял түрлерін топ-тап қарастырудың жолдары бар. Олар — қайта
жасау қиялы және жасампаздық қиял.
Қайта жасау қиялы адамның өмір тәжірибесінде кездестірген, бұрын болған
бейнелерді қайта жаңрыртып
елестететін сөздік тітіркендіргіштерге байланысты туындайды. Мұндай қиялдың пайда болуында сөздік тітіркендіргіш
қызметін әр түрлі суреттер мен сызулар, сызбалар мен кестелер, ноталар атқарады. Ал бұл қиялдың психологпялық
құрылысын іздестіріп көретін болсақ, ол —- екінші сигналдық тітіркендіргіштерді бірінші сигналдык бейнелерге
айналдыру. Мысалы, мұхитты көрмеген адам басқа біреудің сол мұхитты суреттеп жазғанымен таныса отырып, оның
ұшы-қиырсыз бейнесін қиялдайды. Қайта жасау қиялындағы мақсат жаңа,
соны бейнелер жасау емес, табиғаттағы
заттарды адамның өзі тікелей қабылдамаса да, сол қалпында қайта елестету болып табылады.
Қайта жасау қиялы — адамның ой-өрісін дамытып ,тыратын психикалық процесс. Қиялдын бұл түрінін, тәлім-
тәрбие ісінде ерекше маңызы бар. Мысалы, оқырмандар Мұхтар Әуезовтың “Абай жолы” эпопеясьшдағы Дәркембайдың
бейнесі арқылы кедей шаруалар мен жатақтардың тұрмыс халін көз алдарына елестетіп, пайымы кең, ақыл-парасаты
терең кісілердің оқымаған адамардың арасынан да жиі кездескендігіне көз жеткізеді.
Мектете оқытылатын жеке
пәндердің де қайта жасау қиялын дамытуда мәні зор. Геометрия, сызу сабақтарында сызба суреттердің мәнісі әрбір
машина тетіктері, олардың қызметі, жұмыс принципі арқылы түсіндіріледі. Қайта жасау қиялы адамның барлық қызметі
мен іс-әрекетіне қатысты. Өйткені, әрбір адам өэі істеген жұмысының нәтижесі мен пайдасын күнілгері көз алдына
келтіріп, қиялы арқылы оларға шолу жасайды. Қайта жасау қиялы адамның білімі мен бұрынғы тәжірибелеріне сүйенеді.
Сөйтіп, қиялдың бұл түрі арқылы пайда болатын елестер алға қойған мақсат пен тілеккс сай екшеледі, бұрынғы
қабылданған процестерді болмыстағы шындықпен жақындатады.
148
Балалардың қайта жасау қиялын дамытьш, нәтижелі іс-әрекеттеріне күшті әсер ететін жайт — олардың алдына
белгілі практикалық міндеттерді қоюы. Айталық, заттың суретін салу немесе түрлі материалдардан сол заттардын,
бейнесін жасау т. б. Мұндай істер балаларды сөзбен айтылған объектілерді, нақты нәрселерді ұсақ-түйегімен қоса түгел
елестетуге баулиды.
Қиялдың ен жоғары түрі — жасампаздық қиял. Қиялдың бұл түрі арқылы жаңа бейнелер мен образдар' жасалады.
Шығармашылық жасампаздық қиял қайта жасау қиялы сияқты нақты суреттер мен шартты бейнелерге сүйенеді.
Адамның шығармашылығы, ол жасаған туындылар — қоғаммен бірге дамуда рух беріп, жігер-лендіріп отыратын күш
Жасампаздық қяял — қоғамдық мәні бар жаңа, соны өнімдер жасап шығаруда жетекші қызмет атқаратын психикалық
процесс. Машиналардың жана түрлерін
ойлап табу, бұрьшғы машнналарды реконструкциялау, мал тұқымын
асылдандыру, өсімдіктердін, жаңа түрлері мен сорттарын өсіріп шығару, ғылымда, өнер мен әдебиетте, құрылыс пен
халык шаруашылығының баска салаларында жаңалық ашу — мұның бәрі де шығармашылық қиялға жатады. Мұндай
процеске тек қиял ғана емес, тұрақты зейін, әр түрлі ойлау әрекеттері, ерік процестері г. б. әрекеттер де қатысады.
Дегенмен, ырықты қиял жетекші рөл аткарып, адамның барлық процестері мен істеріне жол сілтейді.
Шығармашылық қиял арқылы жасалатын жаңа туындылар мен өнімдер әрқилы жорамалдар жасап, көп ізденуді
талап етеді. Алға қойған міндеттерді шешуде капке дейін нәтиже шықпай, іздеген
образ жасалмайды, зат тетіктері
үйлеспейді. Шығармашылық қиялдану үстінде адамның іздегені күтпеген жерден, кенеттен тууы да мүмкін. Адам
басында көптен бері жүрген мәселенің кенеттен, күтпеген жерден шешімш табуы, оған тиісті жауап алынуы
психологняда интуициялық процесс деп аталады. “Ингуиция” латьщ сөзі —
Достарыңызбен бөлісу: