§ 6. Балалардың ойыны мен ересек адамдардың әрекетінде қиялдың дамуы Жаңа туған нәрестеде қиял болмайды. Бала өмірінде қиялдың алғаш көрінуі бір жастан асқан кезде байқалады. Екі
жасар бала ертегі не әңгіме тыңдап отырып жылап жібереді. Бұл
факті жас баланың басында ес елесінің және қиял
елесінің туа бастағанын көрсетеді. Бала қиялының мазмұны бастапқы кезде жұтаң, әрі ырықсыз түрде болады. Өсе келе
тәрбие мен өз іс-әрекетінің тәжірибесі негізінде бала қиялы дамып, сапасы артады. Дамудың бұл кезеніндегі өзгешілік
— балалардың ойын әрекетінде шығармашылық қиялдық элементтері туа бастайды. Мұндай қиял олардың сюжеттік
ойындарынан айқын аңғарылады Балабақшадағы бүлдіршіндер “Теміржол” ойынын ойнағанда, әрқайсысы белгілі рөлді
орындайды. Осындай ойын әрекеттерінен олардың қиялы толыға түседі, жаңа рөлдер тауып алады. Бұл шығармашылық
қиялдың белсенді қатынасынан туындайды.
Ойын әрекеті бала қиялыи тәрбиелеп, дамытуда күшті рөл атқарады. Сондай-ақ, ол балалардың табиғи
белсенділігін, қозғалғыштығын, дара психикалық процестерін де дамыта түседі. Мысалы, құрылыс ойындары, теміржол
салу, үй тұрғызу, сауыт-фабрикалар орнату т. б.
Жеткіншектер қиядың дамытудағы әрекет — сурет салу, Сурет салуда олар түрлі елестерін, есте қалғандарын
сыртқа өздерінше шығарады. Мектеп жасындағы балалар қиялының жүйелі дамуы ғылым негіздерін меңгерумен
байланысты. Олар өз қиялының өнімін енді сын елегінен өткізіп, шындыққа жақын бейнелер жасауға ұмтылады.
Ересск адамдар қиялы олардың өмір сүрген ортасы мен тіршілік тәжірибелерінің нәтижелеріне орай дамып
отырады, Әр алуан ғылыми жетістіктер, техника мен өнердегі орасан зор табыстар, өндіріс пен ауыл
шаруашылығындағы жаңалықтар, мұның "бәрі — ырықты қиялдың жемістері.
Адам қиялсыз өмір сүре алмайды, қиял шындық болмыспен ұштасып, адамды жаңа істерге, меңгерілмеген
нәрселерді игеруге, ғылым мен техникадағы, өнер мен көркем әдебиеттегі жаңа белестерге ынталандырьш отырады.
153