Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы- мы пән



Pdf көрінісі
бет99/133
Дата03.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#170897
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   133
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

биохимиялық теориясы.
Ес механизмін нейро-физио-логиялық дәрежеде зертгеу мәселелері осы кездегі
биохимиямен ұштасады. Осы бағыттағы зерттеу нәтижелері есте сақтау екі сатылы сипатта болады деген жорамал
жасайды. Бұл жорамал бойынша алғашқы сатыда тітіркендіргіштер тікелей әсер еікеннен кейін мида электрохимиялық
қысқа реакциялар пайда болып, олар клеткаларда физиологиялық өзгерістерге ұшырайды. Екінші саты-сында бірінші
саты негізінде биохимиялық реакция пайда болып, жаңадан протейндер дейтін белокты заттар құрайды. Бірінші саты тек
155


секунт, минуттарға созылады. Ол — естің қысқа мерзімді физиологиялық механизмі. Ал екінші сатыда клеткаларда
химиялық өзгерістерге ұшырайтын заттар ұзақ мерзімді есте сақтаудың механизмі болып табылады.
Мұндай жорамалдардың шындығын анықтау мақсатымен сабаукуйрық тышқандарға арнайы тәжірибе жүргізілген.
Адам есінен уақытша танып қалғанда, науқастанбастан бұрын көрген-білгендерін ұмытьш қалатыны мәлім. Бұл жайт
адамдарға кысқа мерзімде әсер еткен нәрселердің ізі-электрохимиялық реакция-лардың биохимиялық өзгерістерге
жетпей, басылып қалатындығын керсетеді.
Естің химиялық теориясын қолдаушылар есте сақтаудың физиологиялық негізі клеткалардағы
нуклеин
дейтін
қышқыл молекулаларының бөлінуімен байланысты деп санап, бұл генетикалық немесе нәсіл қуалау арқылы беріліп
отырады деп есептеледі. Ал онтогенетикалық не дара адамның есі рибонуклеин қышқылына байланысты (РНК) делінеді
Мұның мәнін айқынырақ түсіну үшін мынадай бір мысал келтірейік. Алматы қаласынан Ке-ген ауданы жаққа бір
самосвал машинасы кетеді. Машина сағатына 50 км жол жүреді. Сол машина 95 км жол жүргенде апатка ұшырап,
жүргізуші жарақаттанады, Жүргізуші емделіп шыққан соң одан апатқа кімнің кінәлі екендігін сұрағанда, ол 70—75 км-
ге дейінгі көргендері мен кездестіргендерін айта береді. Бірақ 75 км-ден 95 кн-ге дейінгі аралықта болган оқиғаларды
айта алмайды. Оның себебі — мағлұматтардың консолидация күйіне енбегендіктен, жүргізуші есінде сақталмағандығы.
Швеция биохимигі Хиденнің зерттеулері клеткаларда тітіркендіргіштерді күшейтудің РНК затын көбейтіп, ұзак
уақыт бойы химиялық іздер қалдыратынын анықтаған РНК өте өзгергіш; оның өзіндік өзгеруі 10
15
--І0
2
°-ға дейінгі сандар
арасында болып отырады. Осындай биохимиялық зерттеулер арқылы табылган жаңа мағлұматтар болашақта адамның ес
процесін басқаруда үлкен жетістіктерге жеткізуі мүмкін. Адамның ес процессі — өте күрделі және адамның іс-әрекетіне
орай жоғарыдан төмен қарай дамып, бүтіннен бөлшекке — организмнен мүшеге, одан клеткаға және керісінше ауысып
отыратын процесс. Сондықтан, естің механизмін әр түрлі дәрежеде анықтаған зерттеу нәтижелері бір-бірін толықтырып
отырады-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет