алады. Бұл бағыт адам іс-әрекетінің материалға қатысы жоқ деп санайды, Мұндай көзқарастың сыңаржақты, үстірт
пікірді білдіретіндігі анық.
' Психолоғиялык тұрғыдағы көзқарастар тобы — ассоциациялық (байланысты)
бағыт делінсе де, оның негізгі
мәеелесі мен өзекті ұғымы — ассоциациялық байланыстар Осы байланыстар психикалық міндетті түрде жасалу
принципі болып саналады. Сөйтіп, екі түрлі елес пен әсерлену санада бір мезгілде бой көрсетеді. Осыған орай есте әр
түрлі сыртқы жағдайларға байланысты пайда болып отыратьш әсерлер мынадай үш типке бөлі-неді: а) әсерленген
объектінің кеңістік пен уакытқа орай араласып келуі; ә) өзара ұқсастығы; б) бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-
қарсылығы. Сыртқы дүние құбылыстарының өзара қатынасынан ассоциациялардың мынадай үш түрі жасалады: 1)
Аралас не іргелес ассоциащиялар (мысалы: түс (реңк) — сары). 2. Ұқсастық ассоциациялар (қарындаш, дәптер). 3.
Қарама-қарсылық асссоциациялар (ақ — қара; ұзын—қысқа т б } Мұндай ассоциация-лық принциптерді тұңғыш рет
зерттеп, оларды тұжырымдаған — ертедегі грек философь Аристотель (б. з. д 384—322 жж.) Атақты физиолог-ғалым И.
П, Павлов ассоциацияларды шартты рефлекг теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасьш
келуінен пайда больш, сан рет қайтталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп анықтады. Бұл ілім
естің физиологиялық теориясы деп аталады. Аталмыш теорияға естің физикалық теориясы да жатады. Ол бойынша
жүйкелік импульстер нейрон арқылы өткенде, өзінің ізін қалдырады. Бұл нейрондық модель теориясы деп те аталады
Осы заманғы нейропсихологиялық зерттеулер нейрондар мен молекулдық дәрежедегі жүйке
қызметінің
механизмдерінде естің сақталуы мен беку жағдайына терең мән беруде жүйке клеткаларынан таралатын аксондар басқа
клеткалар-дағы дендриттермен жанасады, не өзі орналаскан клетка денесіне қайта оралады. Жүйке клеткаларындағы
осындай құрылымдарға сәйкес байланыс пайда больш, күрделілігі жөнінен түрліше қозулар реверберикалық қозғалыста
болады. Сөйтіп, клеткалардьщ өз-өзінен жандануы -іске асады. Кейбір зерттеушілер мұндай құбылыстар-жүйесін
іздердің сақталын қалу процестерінің физиолргиялық субстраты деп есептейді. Мұнда сақталатын іздер қысқа мерзімді
есте сақтаудан ұзақ мерзімді есте сақтауға ауысып отырады. Кейбір зерттеушілер осындай есте сақтаудың негізінде
бірыңғай механизм'-дер болады десе, ал екінші біреулері мұнда әр түрлі сипаттағы екі түрлі механизм болады деп
жорамалдайды. Мұндай болжам-жорамалдар биохимиялық зерттеулер арқылы ғана дәлелденбек.
Естің
Достарыңызбен бөлісу: