М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет34/138
Дата03.03.2023
өлшемі1,98 Mb.
#170987
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   138
суайт, 
ынжық, сүмелек, кеңкелес, су аяқ
экспрессивті бояуы қалың 
сөздер, олар қарапайым ауызекі сөйлеу стиліне тән болса, долы 
жүрек, кірлеген 
жүрек, ызалы жүрек, көңіл кірі, қоңыр тіршілік 
т. б. ауыс, контекстік мағыналарда жұмсалып, көркем стильді 
белгілейді. Немесе Ә.Кекілбаевтың «Құс қанаты» повесіндегі 
қарапайым, тұрпайы сөздер, диалектизмдер – 
(телпек – тақия, 
ұшпақ (жұмақ), шұқыншақ – еңбеккер, қағаз күйелеу – сурет 
салу, дызықтау, жырқылдау, қақшаңдау 
т. б.) – стильдік мақ-
сатта жұмсалған лексикалық бірліктер. 
Стилистикадағы тіл құралдарына фразеологиялық сөз 
орамдары да жатады. Өйткені, ойды тартымды, бейнелі, әсерлі, 
көркемдеп жеткізуде тұрақты тіркестердің де қызметі ерекше, 
идиома мен фразаның, мақал-мәтел мен қанатты сөздердің қол-
данылуында көптеген стильдік ерекшеліктер байқалады. Сөз 
зергерлері дайын сөз тіркестерін стильдік мақсатына орай ешбір 
өзгеріссіз пайдаланса, енді бірде өзгертіп, өзгеше мәнерде 
ауыстырып қолданады. 
Тұтылып шелек жалап тамам нашар, 
Әлділер құтылысты айран ішкен
(С.Торайғыров.) 
Ақын бұл жолдарды оның мақал екенін ажыратып көрсет-
пей, екі қарама-қарсы ұғымды ажыратып түсіндіруде бұл мақал-
ды өте әсерлі қиыстыра білген. Академик І.Кеңесбаев
2
: «… 
2
Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі, А., 1977, 602-б. 


стиль – өлгенді тірілтіп, өшкенді жандандыратын дүние, – дей 
келіп, кейбір фразеологизмдердің 
(Қу бастан қуырдақтық ет 
алған
(кекесіннің)), 
аузын айға білеген (әсірелеудің), атау-
кереңді іш
(қарғыстың) сыр-сипаты оның стильдік функция-
сында жатыр» – дейді. Ал профессор М.Балақаев
3
грамматика 
мәселелерін екі ыңғайда қарастырады: 
1)
тілдің грамматикалық ережелері мен заңдылықтарын 
айқындау мақсаты тұрғысынан; 
2)
грамматикалық тұлғалар мен грамматикалық тәсілдерді 
қалай пайдаланғанда, ойымыз дұрыс, әсерлі шығады деген 
тұрғыдан. 
Бұл екеуі өзара тығыз байланысты болғанымен, алдың-
ғысы – грамматика, соңғысы – стилистика ғылымының үлесіне 
тиеді. Яғни грамматикалық стилистика грамматикалық кате-
гориялар мен олардың мағыналық түрлерінің қолданылу жүйе-
сін зерттейді. Мәселен, морфологиялық тұлғалардың, оның нұс-
қаларының ойды дәл, әсерлі, көркем жеткізудегі қолданылу 
ерекшеліктерін, принциптерін қарастырады. Мысалы: 
Бір ақын бір ақыннан ақынырақ, 
Өйткені ол жүрекке жақынырақ. 
Қашанда мықты ақындар Махамбеттеу, 
Кемеңгер ойлы ақындар Абайырақ
(К. Салықов). 
Мұнда бір шумақ өлеңге стильдік рең беріп тұрған мор-
фологиялық тұлға – шырай жұрнақтарының қызметі екені анық. 
Немесе «…бір сағаттан кейін 
ілгері басқан аяғы кейін кетіп,
Нұрәлі
Өріктің жатақханасына келді» сөйлемінде 
діңкесі 
құрыған, шаршаған Нұрәлі 
демей, 
ілгері, кейін
деген қарама-
қарсы мәндегі үстеу сөздерді әдейі қолданып, «ілгері басқан 
аяғы кейін кеткен Нұрәлі» деп жұмсау – Нұрәлінің әлсіздігін 
күшейтіп тұрған стильдік амал ретінде танылады. 
Синтаксистік стилистика – сөйлеуде не жазуда болсын, 
сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, сөйлемнің құрылысы арқылы 
берілетін әртүрлі стильдік рең, мағына-бояуларды, оны дұрыс 
пайдалану тәсілін зерттейді. Сонымен қатар синтаксистік 
3
Қазақ тілінің мәдениеті, А., 1971, 136-б. 


қайталаулардың, авторлық баяндау мен кейіпкер сөздерінің құ-
рылымдық ұйымдасу ерекшеліктерін де нысанаға алады. Мы-
салы, 
«Есебім былғанған да жоқ, былғанбайды да»,– деп жауап 
қайырды
(Ғ. Мүсірепов). Бұл сөйлемде синтетикалық және ана-
литикалық формадағы болымсыз баяндауыштардың қатарласа 
қолданылуы болымсыз мағынаға стильдік мән берудегі тәсіл 
болып саналады. 
Абай «Байлар жүр жиған малын қорғалатып…» 18 жол-
дағы 
қорғалатып, құдай атып, бұтып-шатып, есіріп, ісіп-кеуіп, 
ырылдатып, қалжыратып
…– образды етістіктің өткен шақ -ып, 
-іп көсемше тұлғасы поэтикалық-көркемдік міндетті өтейтін 
стильдік құрал ретінде қолданылған. 
Қорыта айтқанда, тіл құралдарының стилистикасы тілдік 
өлшемдердің (дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің) жұмсалу заң-
дылықтарын зерттейді, тілдік тәсілдердің дұрыс жұмсалу нор-
масын белгілейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет