М.Қанабекова


-тапсырма. «Тәуелсіздік – бабаларым туын тіккен



Pdf көрінісі
бет85/138
Дата03.03.2023
өлшемі1,98 Mb.
#170987
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   138
2-тапсырма. «Тәуелсіздік – бабаларым туын тіккен 
жол» тақырыбында шағын шығарма жазып, жазылу сти-
ліне қарай тілдік белгілерін анықтаңыз. 
3-тапсырма. Мәтіндерден сөйлеу стиліне тән тілдік 
ерекшеліктерді (лексикалық, морфологиялық, синтаксис-
тік) анықтап, сызба кестеге түсіріңіз. 
 
Лексикалық 
Морфологиялық 
Синтаксистік 
– Кем талапсың, шөп қайдан өнсін. Арқасынан күн өткен 
ешкі құсап үйден шыққасын-ақ шыжықтап қайтып кете бересің. 
– Кетпесіме лаж бар ма? Үйімде ауыз ашып отырған бала-
шағаның түрі анау. Бәрі маған қарап отырғасын теңізге тор 
жайып, торға шабақ аулап кеткенім рас. 
– Бөбекжан, – деді тоқталып, – ағаң асығыс. Балшейбек-
тің бір асығыс шаруасымен жүр екен. Азаматым аман оралсын, 
әлі шай да ішілер, ет те желінер. Қазір, айналайын, нан ауыз 
тигіз. Қысылатын түгі жоқ. Иә, иә... бұндайда да ырымын іс-
тесең болғаны (Ә.Нұрпейісов). 
– Қалқам!.. Араздықты қой... Мен ренжітпеймін дейтінің 
қайда? Сен үйге бармаған соң, мен тірі өліп жүрмін ғой... 
Жұртқа қарайтын бетім қалмады... Жүр, үйге барайық!.. 
(Б.Майлин).
4-тапсырма. Ғылыми стильдің қалыптасу тарихына 
қатысты пікірлермен танысып, өз ой-пікіріңізді білдіріңіз. 
XIX ғ. соңғы он жылдықтарында жарық көрген кітап-
шалар – қазақ тіліндегі ғылыми көпшілік әдебиеттің алғаш-
қы көрінісі, бұл стильдің едәуір етек жая бастаған тұсы – XX 
ғасырдың басы, ал нағыз өркендеген, айқындалған дәуірі – 
қазіргі кезең (Р.Сыздық). 


…Ертедегі ғылымға қатысты кейбір кітапша, мақалалар
ғылыми стильдің негізгі даму арнасы бола алмайды. Өйткені
ғылыми әдебиет стиліне тән тілдік ресурстар ғылымның да-
муымен, ғылыми әдебиеттің молаюымен байланысты. Олар
қазақ елінің Октябрьден кейінгі ғылыми прогресс дәуірінде
пайда болды. Сондықтан әдеби тілдің стильдер жүйесінің бұл
саласы жаңадан, кейін пайда болды (М.Балақаев). 
XX ғасырдың бас кезінде ғылым мен техникаға байла-
нысты аударма әдебиеттермен қатар ана тілінде жазылған 
ғылыми әдебиеттер де баспа бетін көріп, жарыққа шыға бас-
тады (С.Исаев). 
...Ғылым тілін жалпы әдеби тіл тұрғысынан алып, оның
дүниеге келуін жазба әдеби тіліміздің қалыптасуынан баста-
лады деп қараған жөн (Ә.Қайдаров). 
...Қазақ әдеби тілінің ұлттық кезеңіне дейін ғылыми
стиль болған жоқ. Озық орыс ғылымының аударма арқылы 
қазақ халқына жетуінің нәтижесінде, яғни XIX ғасырда үл-
кенді-кішілі ғылыми әдебиеттер пайда бола бастады 
(А.Ысқақов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет