179
есептелінеді және әртүрлі С−С-байланыстарының ыдырау жылдамдығы
таңдап алынған катализаторға тәуелді болады.
Деструктивті гидрленудің жылу эффектісі эндотермиялық крекинг
реакциясы мен экзотермиялық гидрлеу реакциясының қосындысына тең
болады және оның мәні кең ауқымда ауытқуы мүмкін.
Алкандардың гидрокрекингі бифункциональды катализаторда бірнеше
кезеңдерде жүреді. Алғашында, гидрлеу-дегидрлеу активті орталығында
көмірсутектердің дегидрленуі жүріп, өте аз мөлшерде алкендер түзіледі.
Алкендер одан әрі карбкатионға жеңіл айналып, каталитикалық крекинг
процесіне ұқсас, тізбекті карбкатионды процесті қоздырады.
Каталитикалық
белсенділігі
жоғары
катализаторларда
жүретін
алкандардың гидрокрекинг реакциялары механизмін төмендегі сызба нұсқа
арқылы көрсетуге болады:
Гидрокрекингтің каталитикалық крекингтен негізгі ерекшелігі –
гидрокрекингте алкандардың жалпы конверсиясы жоғары болады. Бұл
катализаторлардың гидрлеу-дегидрлеу орталықтарында алкендердің жеңіл
түзілетіндігіне негізделген. Каталитикалық крекинг кезінде алкендер
қиынырақ түзіледі, негізінен, термиялық ыдырау есебінен.
Гидрокрекингтің өнімдері негізінен, қаныққан болып келеді.
Гидрокрекингтің катализаторлары коксталмайды, себебі алкендер тез
гидрленеді де, полимерлену және тығыздалу өзгерістеріне түсіп үлгере
алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: