175
12.1-Кестеде кейбір күкіртті органикалық қосылыстардың гидрлену
реакцияларының термодинамикасы келтірілген. Берілген нәтижелерден
көретініміз, 300К және 800К температураларда күкіртті қосылыстардың
гидрлену реакцияларының тепе-теңдігі оңға қарай ығысқан, меркаптандар,
сульфидтер және дисульфидтер үшін гидрлеу кезінде температураның
артуымен Гиббс энергиясы жоғарылайды. Тетрагидротиофендер үшін
температураның артуымен Гиббс энергиясы төмендейді, яғни реакцияның
тепе-теңдік тұрақтысы азаяды, бірақ 800К реакцияның тепе-теңдігі іс жүзінде
толығымен оңға қарай ығысқан. Температураның артуымен әсіресе,
метилтиофеннің гидрлену реакциясының тепе-теңдік тұрақтысы төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: