189
14.
Отынның жоғары октанды компоненттерін синтездеудің
теориялық негіздері
Заманауи қозғалтқыштар отынының октан саны жоғары (90–93) болуы
керек. Отынның октан санын көтеру үшін базалық бензинге жоғарыоктанды
көмірсутектерді немесе олардың қоспаларын қосады. Мысалы, бензол және
оның гомологтарының октан саны жоғары, алайда олар жанған кезде улы
қосылыстар бөледі, әсіресе қауіпті – бензол. Әдетте октан саны жоғары
сапалы бензин алу үшін риформинг-бензинді тармақталған алкандармен
араластырады. Тармақталған алкандар изомерлену, алкилдену және
полимерлену процестерінде түзіледі. Мысалы,
қ
-бутанды изомерлеу арқылы
алкилдеу процесінде қолданылатын изобутан алынады, ал пентан мен
гександы изомерлеу нәтижесінде изопентан мен изогексан түзіледі, оларды
бензин фракциясының октан санын көбейтетін қосымшалар ретінде
пайдаланады. Жоғарыоктанды автокөлік бензиндерінде 20-30
масс. %
изоалкандар болуы керек.
Изоалкандарды синтездеуде көбіне мұнайдың жеңіл фракцияларын
изомерлеу процесі қолданылады.
Бензол қатарының ароматты көмірсутектерін платформинг процесінде
немесе бензолды олефиндермен алкилдеп алады.
Дизельді және реактивті отындардың пайдалы компоненттері болып
жеңіл тұтанатын және кристалдану температуралары төмен әлсіз
тармақталған жоғары молекулалы алкандар табылады. Бұл алкандарды
сәйкес қалыпты құрылысты алкандарды изомерлеп алады.
Достарыңызбен бөлісу: