А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет113/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   153
Байланысты:
S4

14.3.
 
Алкендердің полимерленуі
 
Полимерлену процесін мұнай өңдеу өндірісінде негізінен пропилен мен 
бутиленді қосып өңдеп, полимербензин алу үшін пайдаланады. 
Полимербензин ди-, три- және тетрамерлердің қоспасы, октан саны 

80 тең 
(моторлық әдіс бойынша). 


192 
Бутиленнің полимерленуі және түзілген димердің гидрленуі арқылы 
техникалық изооктан алынады. Техникалық изооктан бензиннің жоғары 
октанды компоненті ретінде қолданылады. Полиизобутилен синтетикалық 
каучуктер 
өндірісінде 
және 
майларды 
қоюландырғаштар 
ретінде 
қолданылады. Пропиленнің полимерленуі арқылы три- және тетрамерлер 
алынады, олар жуғыш заттар дайындауда шикізаттар болып табылады. 
 
14.3.1.
 
Процестің термодинамикасы және механизмі
 
Термодинамика бойынша алкендердің полимерлену температурасы 500-
550 К жоғары болмауы керек. 
Реакция экзотермиялық. Жылу эффектсі 71

8 кДж/моль тең. 
Полимерленудің тепе-теңдік дәрежесі қысым ұлғайғанда және температура 
төмендегенде өседі.
Катализдік полимерлену карбкатионды механизм бойынша жүреді және 
келесідей сатылардан тұрады: 
1)
алкеннің катализаторда протондануы 
2)
түзілген ионның алкен молекуласындағы 

-байланысқа қосылуы 
Гексилді ион тағы да бірнеше алкен молекуласын қосып алуы мүмкін, 
сөйтіп С
9
және С
12
иондары түзіледі. 
3)
иондардың изомерленуінен екіншілік карбкатиондар тұрақты 
үшіншілік карбкатиондарға айналады: 
4)
реакцияның аяқталуы протонның карбкатионнан катализаторға 
немесе бастапқы алкенге ауысуы арқылы жүреді; сонымен қатар бастапқы 
алкеннен гидрид-ионның бөлінуі де мүмкін: 


193 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет