А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет112/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   153
Байланысты:
S4

14.1.
 
С
4

5
 алкандардың изомерленуі
 
Бензиннің жоғары октанды компоненті бензиннің ең жеңіл бөлігі - С
5

6
фракциясын изомерлеу арқылы алады. Изомерлену процесінің мәні октан 
саны төмен жеңіл қалыпты алкандарды сәйкес жоғары октанды тармақталған 
алкан-дарға айналдыру болып табылады. 
14.1.1.
 
Реакцияның термодинамикасы, кинетикасы және механизмі
 
Каталитикалық изомерлену реакциясының активтену энергиясы 

40 
кДж/моль тең. Қалыпты және тармақталған алкандар қоспасының 
термодинамикалық 
тепе-теңдігі 
температура 
жоғарылаған 
сайын 
тармақталмаған және аз тармақталған жағына қарай ығысады. 
Алкандардың изомерленуі экзотермиялық процесс, алайда бөлінетін 
жылудың мөлшері көп емес – 6-8 кДж/моль. Катализатор қатысында 
изомерлену карбкатионды механизм бойынша жүреді. Процестің бірінші 
сатысы – карбкатионның түзілуі – катализатормен анықталады: 


190 
Келесі екі сатыда карбкатиондардың изомерленуі арқылы изоалкан 
түзіледі: 
Осы звеноның қайталануы нәтижесінде тізбектің өсуі жүреді. 
Протонның карбкатионнан катализаторға ауысуынан тізбектің үзілуі 
жүзеге асады. 
Бифункционалды катализаторда жүретін изомерлену реакциясының 
механизмін мына сызбанұсқа бойынша көрсетуге болады: алдымен металл 
катализатордың активті орталығында қалыпты алкандардың дегидрленуі 
жүреді, сонан соң түзілген алкен қышқылды орталықта карбкатионға 
айналады және изомерленеді, ақыр соңында тізбек бастапқы алканға ауысып, 
тармақталған алкан бөлінеді: 
14.2.
 
Изоалкандарды алкендермен алкилдеу
 
Бензиннің жоғары октанды компоненті – алкилбензинді тармақталған 
алкандарды алкендермен алкилдеу арқылы алады. Өндірісте бұл реакцияны 
H
2
SO

немесе HF қатысында жүргізеді. Шикізат ретінде әдетте изобутан, 
алкендерден 
қалыпты 
бутилендер 
қолданылады. 
Изобутанның 
бутилендермен 
алкилдену 
реакциясының 
негізгі 
өнімдері 
триметилпентандар
.
2,2,4-триметилпентанның (изооктан) октан саны 100 тең 
деп қабылданған. 
Изоалкандардың алкендермен алкилдену реакциясының жалпы теңдеуі 
мынадай: 
Реакция жылу бөліне жүреді, сондықтан процесті төменгі температурада 
жүргізген тиімді.
Алкилдеу реакциясының механизмі тізбекті карбкатионды. 
Мысалы, бірінші сатыда бутен-2 қышқыл катализатордың протонымен 
әрекеттеседі: 
Екіншілік бутил катион изобутанмен әрекеттеседі: 


191 
Түзілген үшіншілік бутил катион бастапқы бутен-2 молекуласымен 
қосылады:
Екіншілік октилді карбкатион тұрақты үшіншілік карбкатиондарға 
изомерленеді: 
Изомерленген 
ион 
бастапқы 
изобутанмен 
реакцияға 
түсіп, 
изооктандарға және жаңа карбкатиондарға айналады: 
Тізбектің үзілуі протонның карбкатионнан қышқыл анионына ауысуы 
арқылы жүзеге асады: 
Алкилдеу кезінде бірнеше жанама реакциялар жүреді: деструктивті 
алкилдену, алкендердің полимерленуі және алкендердің катализатормен 
(қышқылмен) әрекеттесуі.
Деструктивті алкилдену аралық карбкатионның 

-ыдырауы нәтижесінде 
жүреді және С
5

7
көмірсутектердің түзілуіне әкеледі. Бұл процестің ролі 
температураға 
байланысты 
өседі. 
Алкендердің 
полимерленуінен 
молекулалық массасы С
8
-ден жоғары өнімдер түзіледі. Полимерлену 
процесін 
изобутанның 
артық 
мөлшерімен 
басады. 
Алкендердің 
катализатормен әрекеттесуі катализатордың концентрациясын және 
активтілігін төмендетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет