А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет105/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   153
Байланысты:
S4

12.2.2.
 
 Гидротазалау процесінің катализаторлары 
 
Гидротазалаудың жаңа процестерінің көбінде түтікшелі матрицаға 
(негізінен – алюминий оксидіне) сіңірілген оксидті кобальтникель-
молибденді (
Al-Co-Ni-Mo
) катализатор қолданады. Ең көп таралғаны 
құрамында алюминий оксидіне сіңірілген 2-4% 
СоО
және 9-15% 
МоО
3
бар 
катализаторлар. 
Al-Co-Ni-Mo
катализаторлары 
қатысында 
C–S
-, 
C–N
-, 
C–O
-
байланыстарының үзілуі және қанықпаған көмірсутектердің қанығу 
реакциялары үлкен жылдамдықпен жүреді. 
Al-Co-Mo
катализаторлары 
әртүрлі улардың әсеріне тұрақты болып келеді. Кейбір металдардың (
Fe, Cu, 
Ni, Cr, V, As, Pb
) жинақталуы катализатордың белсенділігіне аз әсер 
еткенімен, оның регенерациясын қиындатады.
Al-Co-Mo
катализаторларына никельді енгізу азотты органикалық және 
полициклді қосылыстардың гидрогенолиз реакцияларында олардың 
белсенділігін арттырады.
Жоғары 
молекулалық 
азотты 
және 
күкіртті 
органикалық
қосылыстардан толығымен тазару 
Al-Ni-Mo
катализаторын қолдану кезінде 
жүзеге асады. Бұл катализатордың тағы бір тиімділігі – оның бағасының 
Al-
Co-Mo
аналогынан шамамен 25% арзандығында. Оны катализдік крекингтің 
ауыр жоғары ароматталған шикізатын тазалау үшін қолдануға ұсынады. 
Процесс барысында кобальт, никель және молибден оксидтері
жартылай немесе толығымен сульфидке айналады. Бұл кезде катализатордың 
белсенділігі артады.
Алюмоникельвольфрам (
Al-Ni-W
) катализаторларын парафиндерді 
гидрогенизациялық тазалау, майларды гидрлеу т.б. процестерде азотты және 
ароматты қосылыстарды гидрлеу үшін қолданады. Al-Ni-W катализаторын 
Al-Co-Mo катализаторы сияқты алдын-ала күкіртпен өңдеп алу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет