Білім беру бағдарламасы Қарағанды 2022



Pdf көрінісі
бет15/60
Дата10.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#171797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60
Байланысты:
невро лекция

Маңдай бөлігі 
ми жарты шарының алдыңғы бетін алып жатады және 
қыртыстың төбе бөлігінен (артында) роланд саласымен және самай бөлігінен 
(астында) сильвий саласымен шектелген.
Маңдай бөлігі салалар мен қатпарлармен жабылған, олардың ішінде роланд 
саласына параллельді жүретін прецентральды сала ажыратылады. Олардың 
арасында алдыңғы орталық қатпар орналасқан. Маңдай аймағының алдыңғы 
бөлімінде жоғарғы және төменгі маңдай салалары бөлінеді, олардың арасында 
жоғарғы, ортаңғы және төменгі маңдай қатпарлары орналасқан. Құрылысы мен 
қызметіне қарай төменгі маңдай қатпары бірыңғай емес және үш бөлікке 
бөлінеді: жоғарғы (оперкулярлық), ортаңғы (триангулярлық) және төменгі 
(орбитальдық). Ми қыртысының бұл аймағы ең үлкен маңызға адамдарда ие 
болды, өйткені ол сөйлеу қызметімен тығыз байланысты. Маңдайлық конус ең 
жас аймақ болып табылады.
Маңдай бөлігінің қыртысы ең қалың (2,5-4,5 мм). Оның микроскопиялық 
құрылысы бірыңғай емес, бұл әртүрлі қызмет атқаратын қыртыс аймақтарын 
бөліп шығаруға мүмкіндік береді. Біріншілік моторлық алаңнан (4-ші алаң) 
пирамидалық жол басталады, ол алдыңғы орталық қатпарда орналасқан. Бұл 
алаңның алдында 6-шы алаң орналасқан (екіншілік моторлық алаң), ол бір 
қалыптан екінші қалыпқа ауысуды қамтамасыз етеді. Осы екі алаң тығыз 
байланыста жұмыс істейді. 4-ші және 6-шы алаңдардың төменгі бөліктері бет, 
артикуляция, жұтқыншақ бұлшық еттерін жүйкелендіреді. Ортаңғы бөліктері 
қолдың қозғалысын, әсіресе саусақтардың майда моторикасын қамтамасыз 
етеді. Жоғарғы бөлігі аяқтарды жүйкелендіреді. 4-ші алаң, әсіресе оның төменгі 
бөлігінде, роланд саласына ығысқандығы, ал сыртқы бетінде ол сөйлеу 
қызметіне қатысы бар төменгі маңдай қатпары аймағын алып жатады (44-ші 
және 45-ші алаңдар). Артикуляциялық бұлшық еттерді жүйкелендіретін 
бөліктердің жанында қолдың жалпы және майда моторикасын қамтамасыз 
ететін қыртыс аймағы орналасқан. Сөйлеу және еңбек – адам қызметінің негізі, 
өзара тығыз байланысты. Алдыңғы орталық қатпардың аяқтарға импульс 
жіберетін жоғарғы бөліктері қыртыстың екі жарты шарлар арасындағы ішкі 
бетіне өтеді. Ортаңғы маңдай қатпарында (4-ші және 6-шы алаңның бет 
бұлшық еттерін нервтендіретін аймағына сәйкес) 8-ші алаң орналасады, ол бір 
жаққа қарай бұрылу кезінде бас пен көздің бірлескен қозғалысын қамтамасыз 
етеді.
Маңдай конусы (қыртыстың префронтальды аймағы) ең жас құрылым 
болып табылады, ол тек қана адамдарда болады және қыртыстың, қыртыс 
астының және ми бағанасының барлық бөлімдерімен тығыз байланысты 
болады. Маңдай конусы жоғарғы психикалық және эмоциялық-ерік қызметінің 
барлық түрлері үшін жөнелту механизмі болып табылады. Сөйлеу аймағымен 


тығыз қатынаста болуына негізделіп, маңдай конусы (10-шы алаң) адамның 
ерікті қызметін, барлық жоғарғы психикалық функцияларын қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет