жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйелері тарапынан бірқатар ауыр
бұзылыстар орын алады. Кезбе жүйке функциясының толық тоқтатылуы жүрек
пен тыныс алу қызметінің сал болып қалуына (паралич)
байланысты өлімге
әкеп соғуы мүмкін. Тіл-жұтқыншақ және кезбе жүйкелердің қалыпты
жағдайдағы қызметі - емізу және жұту актісін қамтамасыз етеді. Дені сау жаңа
туған бала тойып тұрса да емізік емеді, ал егер оны алуға талпыныс жасасақ ол
қарсылық көрсетеді. Бала дұрыс емгенде сүт ауыздан ақпайды, қақалмайды,
ему ритмді және әрбір екі ему қимылына екі жұту және 1-2 тыныс алу сәйкес
келеді. Егер бала емізікті дұрыс сормаса, емуі әлсіз болып тез шаршап қақалса,
бұл бульбарлық және псевдо бульбарлық бұзылыстың әсері болғандықты
көрсетеді.
Ауыз куысында жұмсақ таңдайдың орналасуын, жұмсақ таңдайдың
фонациясын, таңдай жұтқыншақ қақпасының қалыптасуын, таңдай жұтқыншақ
рефлексінің жағдайын да тіл- жұтқыншақ және кезбе жүйкелер
қамтамасыз
етеді. Олар жұмсақ таңдайдың дыбыс шығаруына қатысады.
Жұмсақ таңдайдың көтерілуі, төмен түсуі жағдайы тіл-жұтқыншақ
жүйкесіне байланысты. Адамның таңдай-жұтқыншақ қақпағының рефлексі өте
маңызды. Тамақ ішкенде, жөтелгенде таңдай-жұтқыншақ қақпағы өз бетінше
жабылуы керек. Тіл-жұтқыншақ жүйкесі бұзылса жұмсақ таңдайдың рефлексі
жоғалады, жұту актісі бұзылып адам шашала береді. Сонымен қатар дауыс
байламдарының да жұмысы бұзылып фонация кезінде жұмсақ таңдай салбырап
тұрады.
Дауыс
байламдарының жұмысын, көмейдің жұмысын, дауыстың шығуын
кезбе жүйкесі де қамтамасыз етеді. Кезбе жүйкесі бұзылғанда қарлыққан қатан
дыбыс(дисфония,афония) пайда болады.
ХІ жұп – қосымша жүйке
қозғалтқыш жүйке болып табылады. Оның
ядролары сопақша ми мен жұлында жатады. Бұл жүйкенің талшықтары
мойынның, иық белдеуінің бұлшық еттерін жүйкелендіреді, соған байланысты
басты бұру, иықты көтеру, жауырынды омыртқа бағанасына жақындату сияқты
қимылдар жүзеге асырылады. Қосымша жүйке зақымданғанда аталған бұлшық
еттердің атрофиялық салдануы дамиды да, соның нәтижесінде бастың бұрылуы
қиындайды, иық салбырайды. Жүйкенің тітіркенуі кезінде мойын бұлшық
еттерінің тоникалық тырысуы болуы мүмкін, соның нәтижесінде бас күшпен
бір жаққа қарай еңкейеді (қисықмойын ауруы). Атап өтілген бұлшық еттердің
клоникалық тырысуы (екі жақты) күшпен бас изеу қозғалысын шақырады. Бұл
жұп бас бұратын (стернокляйдомастоидеус) бұлшықетін жүйкелендіріп, бас
бұрылуын қамтамасыз етеді. Кейбір туу процессі ауыр жағдайларда нәрестенің
басы, мойыны анасының туу жолдарында қысылып қалғанда қосымша жұптың
бұзылуының себебінен баланың мойыны қисық болып туады.
ХІІ жұп – тіл асты
жүйке
сі.
Бұл тілдің қозғалтқыш жүйкесі.
Талшықтар
ромб тәрізді шұңқырдың түбінде орналасқан ядродан басталады. ХІІ жұптың
талшықтары тілдің бұлшық еттерін нервтендіріп, оның максимальды иілгіштігі
мен қозғалмалылығын қамтамасыз етеді. Тіл асты жүйкесі зақымданғанда тіл
бұлшық еттерінде атрофиялық құбылыстар дамуы мүмкін, оның сөйлеу мен
тамақтану қызметіне қажет қозғалыс қабілеті әлсірейді. Мұндай жағдайларда
сөйлеу анық емес болады, күрделі сөздерді айту мүмкін болмайды. Тіл асты
жүйкесінің екі жақты зақымдануы кезінде анартрия дамиды.
Сөйлеудің және
фонацияның нағыз тән көрінісі ІХ, Х және ХІІ жұп жүйкелердің аралас
зақымдануы кезінде байқалады, ол бульбарлық салдану деген атпен белгілі. Бұл
жағдайда сопақша мидың ядролары немесе олардан шығатын түбіршектер мен
жүйкелер зақымданады. Тілдің салдануы, сөйлеудің ауыр бұзылыстары,
сонымен қатар жұтудың бұзылуы, қақалу, шашалу байқалады,
сұйық тамақ
мұрыннан төгіледі, дауыс міңгірлеп шығады. Мұндай салдану бұлшық еттердің
атрофиясымен өтеді және шеткі салданудың барлық белгілеріне ие болады.
Орталық жолдың (қыртыстық-бульбарлық) зақымдануы жиірек кездеседі.
Балалық жаста қыртыстық-бульбарлық жолдардың екі жақты зақымдануы
кезінде, мысалы параинфекциялық энцефалитпен ауырғаннан кейін, сырттай
бульбарлық салдануға ұқсас, бірақ орналасу сипатымен ерекшеленетін
көріністер дамиды. Аталған салдану орталық сипатта болатындықтан, ол кезде
бұлшық еттердің атрофиясы болмайды. Бұзылыстардың мұндай түрі
псевдобульбарлық салдану деген атпен танымал. Тіласты жүйкесі тілбұлшықет
қозғалысын қамтамасыз етеді. Тіласты жүйкесінің бұзылысының салдарынан
тіл аз мөлшерде қозғалады, тез шаршап қалады, тіл бір жағына қисайып кетуіде
мүмкін, кейде сілекей де шұбырып тұрады, артикуляция бұзылып әсіресе ауру
адам «Ц», «Ч» дыбыстарын дұрыс айталмайды.
Достарыңызбен бөлісу: