Білім беру бағдарламасы Қарағанды 2022



Pdf көрінісі
бет9/60
Дата10.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#171797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60
Байланысты:
невро лекция

Бас-ми жүйкелері. 
Бас-ми жүйкелері олардың ядролары орналасатын 
мидың діңгек бөлімінен басталады. Тек қана иіс сезу, есту және көру жүйкелері 
ондай емес, олардың бірінші нейрондары ми діңгегінен тыс жерде орналасады.
Бас-ми жүйкелерінің көбісі аралас болып табылады, яғни олардың 
құрамында сезгіш те, қозғалтқыш та талшықтар болады, және сонда кейбірінің 
құрамында сезгіш, ал басқаларының құрамында қозғалтқыш талшықтар басым 
болады. Барлығы 12 жұп бас-ми нерві болады.
І жұп – иіс сезу нерві. 
Мұрынның шырышты қабатынан жіңішке жүйке 
жіпшелері түрінде басталады, олар ми сауытының торша сүйегінің тесіктері 
арқылы өтіп, мидың негізінен шығып, иіс сезу жуашығына жиналады. Иіс сезу 
жуашығынан екіншілік иіс сезу жолы шығады. Иіс сезу жолының талшықтары 
жартылай ажырап, үшбұрыш құрайды. Иіс сезу талшықтарының көбісі 
қыртыстың ішкі бетіндегі ілмек тәрізді қатпарда орналасқан иіс сезу 
анализаторының орталық ядросында аяқталады.
Иіс сезуді иісі бар заттардың жиынтығы көмегімен зертейді.
Иіс сезудің бұзылысы әртүрлі білінуі мүмкін: иістерді қабылдаудың мүлдем 
жоқтығы – аносмия, немесе иістерді қабылдаудың төмендеуі – гипосмия. Кейде 
иісті заттарға деген ерекше жоғары сезгіштік – гиперосмия (балалық жаста 
кездеспейді десе болады).
Кейде мұрынның шырышты қабатының жергілікті зақымдануы кезінде 
(мысалы, тұмау кезінде), иістерді қабылдаудың бұзылуы байқалатындығын, 
бірақ ол иіс сезу жолының өзінің зақымдануымен тіпті байланысты емес 
екендігін ескеру қажет.
ІІ жұп – көру нерві. 
Көру жолы көздің торлы қабатынан басталады. Көздің 
торлы қабатының құрылысы өте күрделі болып келеді, ол таяқшалар мен 
колбашықтар деп аталатын жасушалардан тұрады. Бұл жасушалар әртүрлі 
жарық және түс тітіркеністерін қабылдаушы рецепторлар болып табылады. 
Бұлардан басқа көзде ганглиозды жүйке жасушалары болады, олардың 
дендриттері таяқшалар мен колбашықтарда аяқталады да, аксондары көру 
жүйкесін құрайды. Көру нервтері сүйек тесіктері арқылы бас сауытына кіріп, 
ми негізінің түбімен өтеді. Ми негізінде көру жүйкелері жартылай айқасу 
жасайды – хиазма. Айқасуға жүйке талшықтарының барлығы емес, тек қана 
торлы қабаттың ішкі жартыларынан келетіндері ғана ұшырайды; сыртқы 
жартыларынан келетін талшықтар айқаспайды.
Жүйке жолдарының көру талшықтарының айқасуынан кейін түзілетін ірі 
будалары көру тракты деп аталады. Осылайша, әр жақтың көру трактында бір 
көздің жүйке талшықтары емес, екі көздің торлы қабатының бірдей 


жартыларынан келетін талшықтар өтеді. Мысалы, сол жақ көру трактында екі 
торлы қабаттың да сол жақ жартысынан келетін, ал оң жақ көру трактында 
екеуінің де оң жақ жартысынан келетін талшықтар өтеді.
Көру трактының жүйке талшықтарының басым бөлігі сыртқы тізе тәрізді 
денелерге, ал аз бөлігі төрт қыраттың алдыңғы қыраттарының ядроларына, көру 
төмпешігінің жастығына келеді.
Сыртқы тізе тәрізді дененің жасушаларынан көру жолы ми қыртысына 
бағытталады. Жолдың бұл кесіндісі Грациоле будасы деп аталады.
Көру жолы шүйде бөлігінің қыртысында бітеді, мұнда көру 
анализаторының орталық ядросы орналасады.
Балалардың көру өткірлігін арнайы кесте арқылы тексеруге болады.
Түстерді сезу түрлі-түсті суреттер жинағы көмегімен тексеріледі.
Көру жолының зақымдануы кез келген кесіндіде болуы мүмкін. Соған 
байланысты көрудің бұзылысының клиникалық көрінісі де әртүрлі болады.
Негізінен зақымданудың үш аймағын ажырату керек: көру талшықтарының 
айқасуына дейінгі, айқасудың (хиазма) өзінің аймағындағы және айқасудан 
кейінгі. Бұл туралы төменде айтылатын болады.
ІІІ (көз-қимыл нерві), IV (шығыр нерві) және VI (сыртқа әкеткіш нерві) 
жұп жүйкелер 
көз алмасының қозғалысын жүзеге асырады, яғни көзді 
қозғалтушылар болып табылады. Бұл жүйкелермен импульстар көз алмасын 
қозғалтатын бұлшық еттерге келеді. Осы жүйкелердің зақымдануы кезінде 
сәйкес бұлшық еттердің параличтері байқалып, көз алмасының қимылы 
шектеледі – қылилық.
Сонымен қатар, ІІІ жұп бас-ми жүйкелерінің зақымдануы кезінде птоз 
(жоғарғы қабақтың түсіп кетуі) бен қарашықтардың тең еместігі де байқалады. 
Соңғысы көз иннервациясына қатысатын симпатикалық нерв бұтағының 
зақымдануымен де байланысты болады.
V жұп – үштік 
жүйке ми сауытынан бетке шығып, үш тармақ құрайды: а) 
көз қуысы, б) жоғарғы жақ, в) төменгі жақ. Алғашқы екі тармақ сезгіш болып 
табылады. Олар жоғарғы бет бөлімдерінің терісін, қабақ пен мұрынның 
шырышты қабықтарын, сонымен бірге көз алмасын, жоғарғы жақты, қызыл 
иекті және тістерді нервтендіреді. Жүйке талшықтарының бір бөлігі ми 
қабықтарын нервпен қамтамасыз етеді.
Үштік жүйкенің үшінші тармағы талшықтар құрамына қарай аралас болып 
табылады. Оның сезгіш талшықтары беттің терісінің төменгі бөлімін, тілдің 
алдыңғы 2/3 бөлігін, ауыз қуысының шырышты қабатын, төменгі жақтың 
тістері мен қызыл иегін нервтендіреді. Бұл тармақтың қозғалтқыш талшықтары 
шайнау бұлшық еттерін жүйкелендіреді.


Үштік жүйкенің иннервация жүйесіне симпатикалық нерв үлкен үлес 
қосады.
Үштік жүйкенің шеткі тармақтарының зақымдануында беттің терілік 
сезгіштігі бұзылады. Кейде жүйкедегі қабыну процесі шақырған ауырудың 
азапты ұстамалары пайда болады (үштік нервтің невралгиясы). Талшықтардың 
қозғалтқыш бөлігінің бұзылыстары шайнау бұлшық еттерінің салдануын 
тудырып, оның нәтижесінде төменгі жақтың қозғалысы қатты шектеледі де, 
тамақтың шайналуын қиындатады. Үштік жүйке баланың емуі, шайнау 
бұлшықеті жүйкеленуімен іске асырылады. Үштік жүйке қызметін төменгі 
жақтың реакциясымен бағаланады. Егер саусағыңызды баланың ернінің астына 
иекке қойып бассаңыз сәбидің төменгі жағы көтеріліп шайнау бұлшықеттің 
жиырылуы байқалады.
Үштік жүйкесінің негізгі қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет