ілгек тәрізді қатпардың дәнекері және көру төмпешігінің екі жартысын қосатын
сұр дәнекер осы түрге жататын байланыс үлгісі болып табылады.
3.
Ассоциативтік немесе тіркестіруші талшықтар мидың бір жарты
шары көлеміндегі бөліктерін қосады. Қысқа талшықтар бір бөліктегі немесе
жақын жатқан бөліктердегі қатпарларды, ал ұзындары жарты шарлардың бір
бөлігінен басқа бөлігіне созылып жатады. Мысалы, доға тәрізді буда маңдай
бөлігінің төменгі және ортаңғы бөлімдерін, төменгі ұзынша буда самай бөлігін
шүйде бөлігімен байланыстырады. Маңдай-шүйде, маңдай-төбе будаларын
және т.б. бөледі.
Ми мен жұлынның басты проекциялық өткізгіштерінің жүру жолдарын
қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: