сыртқы
белгілеріне
қарағанда
жеткілікті
қалыптасқандай
болады
.
Нәрестелердің миында ересек адамдардағыдай, бірақ кішірейтілген түрде
барлық сайлар мен қатпарлар болады. Жүйке талшықтарының миелиндену
үрдісі эмбриональды өмірдің төртінші айында басталып, негізінде екі-үш жаста
аяқталады, бірақ миелин қабатының ұлғаюы организм өсуінің барлық кезеңінде
жүруі мүмкін (А. М. Гринштейн).
Нәресте миының салмағы әдетте ұл балаларда 370 г, ал қыз балаларда 360 г
болады. Мидың салмағы әдетте 8-ші – 9-шы айда екі еселенеді. Ми салмағының
өсуі әдетте еркектерде 19-20 жаста, ал әйелдерде 16-18 жаста тоқталады.
Баланың үлкен жарты шарларының қыртысын микроскоппен зерттегенде
оның нейрондарының құрылысы мен басқа омыртқалылардың нейрондарының
құрылысы арасында айырмашылық бар екендігі аңғарылған.
Мұнда ядроның
үлкен көлемділігі және өсінді бұтақтар жүйесі жақсы дамығандығы байқалады.
Бұл адам миына тән байланыстардың бай болуының себебі болып табылады.
Қыртыс алаңдардың құрылысында да айырмашылықтар болады, ол
аймақтардың қалыптасуы ұрықтың алты айлық кезінде-ақ басталады. Баланың
миының қыртыстық алаңдары жасушалар мен талшықтардың өзіндік
құрылысымен ерекшеленеді. Осындай артықшылықтар тек адам миына ғана
тән.
Жоғары омыртқалылардың, соның ішінде маймылдардың, үлкен жарты
шарларының қыртысында бұған ұқсас түзілістер жоқ. Көрсетілген қыртыстық
құрылым онда дамитын тек адамға ғана тән жоғарғы жүйке
қызметінің, яғни
сөйлеу мен оған байланысты абстрактылы ойлау қабілетінің материалдық негізі
болып табылады. Міне сондықтан әртүрлі зерттеушілердің маймылды сөйлеуге,
жазуға үйретуге тырысқан тәжірибелері нәтижесіз болды (А. Келлер, Е. А.
Ладыгина-Котс, В. Дуров және т.б. тәжірибелері). Осы күрделі қызметтердің
қалыптасуы үшін жоғары омыртқалылардың қыртысында сәйкес келетін
материалдық негіз жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: