басталады. Яғни қозғалтқыш импульстардың берілуі екі нейрон арқылы жүзеге
асады. Біреуі импульстерді қозғалыс анализаторының қыртыс жасушаларынан
жұлынның алдыңғы мүйізіндегі жасушалар мен бас-ми жүйкелерінің
ядроларына, ал екіншісі – беттің, мойынның, кеуденің және аяқ-қолдың
бұлшық еттеріне өткізеді.
Пирамидалық жол зақымданғанда қозғалыстың бұзылуы зақымданған
жаққа
қарама-қарсы жақта болады, бұл бұлшық еттер қозғалысының
толығымен жоғалуы, яғни салдануы (паралич) немесе олардың әлсіреуі (парез)
түрінде білінеді. Зақымданудың орнына байланысты орталық және шеткі
параличтер мен парездерді ажыратады. Бұл бұзылыстардың сипаттамасы сәйкес
тарауда берілген.
Монаков будасы
ортаңғы мидағы қызыл ядролардан басталады. Қызыл
ядролардан шыға салысымен талшықтар айқасады да,
артқы мидан өтіп,
жұлынға түседі. Жұлында жүйке талшықтарының бұл будасы бүйір
бағаналарында қиылысқан пирамидалық жолдың жанында орналасады және
пирамидалық жол сияқты біртіндеп жұлынның алдыңғы мүйіздерінің
жасушаларында аяқталады.
Монаков будасы бұлшық ет тонусын реттейтін қозғалтқыш импульстарды
өткізеді.
Жабынды-жұлындық буда
ортаңғы мидың алдыңғы қыраттарын жұлынның
алдыңғы және жекелей бүйір бағаналарымен байланыстырады. Көру және есту
бағдарлану рефлекстерінің орындалуына қатысады.
Кіре беріс-жұлындық буда
кіре беріс аппаратының ядроларынан (Дейтерс
ядросынан) басталады. Талшықтар жұлынға түсіп, алдыңғы және жекелей бүйір
бағаналарында өтеді де, алдыңғы мүйіздердің жасушаларында бітеді. Дейтерс
ядросы мишықпен байланысты болғандықтан осы жолмен вестибулярлық жүйе
мен мишықтан шыққан импульстар жұлынға барады; тепе-теңдік функциясына
қатысады.
Торлы-жұлындық буда
сопақша мидың
торлы формациясынан басталып,
жұлынның алдыңғы және бүйір бағаналарында әртүрлі будалар түрінде өтеді.
Алдыңғы мүйіздің жасушаларында бітеді; артқы мидың координациялық
орталығынан шығатын өмірлік маңызы бар импульстарын өткізеді.
Артқы ұзынша буда
жоғары және төмен қарай бағытталған талшықтардан
тұрады. Ол ми діңгегі арқылы жұлынның алдыңғы бағаналарына өтеді. Бұл
жолмен ми бағанасынан
және жұлын сегменттерінен, вестибулярлық
аппараттан және көз бұлшық еттерінің ядроларынан, сонымен бірге мишықтан
шығатын импульстар өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: