Білім беру бағдарламасы Қарағанды 2022


Орталыққа бағытталған жолдар



Pdf көрінісі
бет8/60
Дата10.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#171797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60
Байланысты:
невро лекция

Орталыққа бағытталған жолдар. Беткей терілік сезгіштіктің жолы 
ауыру, температуралық және жекелей сипап сезінулерін өткізеді (сипап 
сезінудің негізгі жолы терең сезіну талшықтарымен өтеді). Осы жол 


омыртқааралық түйіндегі екі бұтағы бар жасушалардан басталады, олардың бірі 
шеттегі тері рецепторларына бағытталады да, ал басқасы жұлынға бағытталып, 
жұлынның артқы мүйізіндегі жасушаларда бітеді. Бұл былайша айтқанда 
сезгіштік жолының бірінші нейроны. Артқы мүйіздерде терілік сезгіштіктің 
екінші нейроны орналасқан. Терілік сезгіштіктің жолы қарама-қарсы жаққа 
өтіп, жұлынның бүйір бағаналарымен жоғары көтеріліп, сопақша ми арқылы 
өтеді де, Варолиев көпірінде және ортаңғы ми тұсында медиальды ілмек 
құрамына кіріп, көру төмпешігінің сыртқы ядросына бағытталады. Көру 
төмпешігінде сезгіштік жолының үшінші нейроны орналасады; әрі қарай бұл 
жол ішкі дорбадан өтіп, ми қыртысына бағытталады. Артқы орталық қатпар 
аймағында (төбе бөлігі) бітеді.
Терең сезгіштік жолы 
да омыртқааралық түйіндегі нерв жасушаларынан 
басталады, мұнда тек қана тері мен шырышты қабаттардан ғана емес, сонымен 
қатар бұлшық еттерден, буындардан, сүйектерден, сіңірлер мен байламдардан 
да импульстар келеді. Терең сезгіштік жолы тітіркеністерді осы 
құрылымдардың бәрінен әкеле отырып, жұлынға артқы бағананың құрамында 
кіреді. Содан кейін жұлын бойымен жоғары қарай ядроларында осы жолдың 
бірінші нейроны аяқталатын сопақша миға дейін көтеріледі. Сопақша ми 
ядроларынан терең сезгіштіктің екінші нейроны басталады. Ядролардан 
шыққан соң талшықтар айқасып сосын медиальды ілмекті түзеді де көру 
төмпешігінің бүйір ядросына бағытталады. Көру төмпешігінен терең 
сезгіштіктің үшінші нейроны басталады, ішкі дорбадан өтіп, ол да артқы 
орталық қатпар жасушаларында аяқталады (төбе бөлігі).
Мишықтық өткізгіштер 
барлық жоғары жүретін өткізгіштер сияқты 
омыртқааралық түйіннен басталып, жұлынның сұр затына қарай бағытталып, 
артқы мүйіз жасушаларында бітеді. Артқы мүйізден екінші нейрон басталып, ол 
екі буда түрінде жұлынның бүйір бағаналарына бағытталады. Бірінші, тікелей 
буда сопақша миға жетеді де, мишықтың төменгі аяқшысын түзіп, мишық 
жасушаларында бітеді. Екінші, айқасқан буда жоғары қарай ортаңғы миға дейін 
көтеріліп, мишықтың жоғарғы аяқшасы арқылы ол да мишыққа кіреді.
Жоғары жүретін жолдарға иіс, көру, есту тітіркеністерін алып жүретін 
сезгіш жолдарды жатқызу керек. Олар жайында төменде, бас-ми жүйкелері 
туралы тарауда айтылады.
Сезгіштік өткізгіштерінің зақымдануы кезінде сәйкес аймақтың барлық 
сезгіштік түрлерінің бұзылысы байқалады. Осылай, бүйір бағанасынының 
сәйкес жолдары зақымданғанда қарама-қарсы жақтағы терілік (ауыру мен 
температуралық) және жекелей тактильдік сезгіштік зардап шегеді.
Мишықтық жолдар талшықтарының зақымдануымен байланысты қимыл 
координациясының 
бұзылыстары 
туындайды. 
Артқы 
бағаналардың 
зақымдануында терең сезгіштік бұзылады – қимыл мүшелерінің қалпы мен 


орнын сезіну, екі өлшемді кеңістіктік сезіну. Осыған байланысты адамның 
жүрісі де сенімді емес боп бұзылып, қимылдары сермегіш, дәл емес болып 
қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет