қатпары толығымен сильвий саласына ығысқан. Онда 41-ші және 42-ші алаңдар
орналасқан – есту аймағының біріншілік (проекциялық) алаңдары.
Самай бөліктің сыртқы бетінде жоғарғы самай қатпары (22-шы алаң)
орналасады, бұл алаңда жасушалардың ассоциативтік қабаты басым болады,
олар мидың самай бөлігін қыртыстың басқа бөлімдерімен, атап айтқанда желке,
төбе және моторлы (қыртыстың төменгі премоторлық аймақтарымен)
аймақтарымен байланыстырады. Самай аймағының ортаңғы бөліктері – 21-ші
алаң, ол үшіншілік алаң болып табылады да, тек
қана адамдарға тән және сөз
тіркестерін (лексика-грамматикалық құрылымдарды) қабылдаумен және есте
сақтап қалумен байланысты болады.
Ми қыртысының самай және желке бөліктерінің шекарасында 37-ші алаң
пайда болады, онда көру және есту аймақтарына келетін кешенді тітіркенулер
бекітіледі. Бұл байланыстар өте ерте (сөйлеуге дейінгі кезеңде) қалыптаса
бастайды да, сөйлеуді қабылдау мүмкіндігін және
қоршаған заттарды атауды
қамтамасыз етеді. Қыртыстың бұл аймағы қыртыстың маңдай аймағының
премоторлық бөлімдерімен тығыз байланысты болып, баланың сөйлеуінің даму
мүмкіндігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар
бас пен көздің дыбысқа
бұрылуын (дыбыс шығарушы денеге қарай) қамтамасыз етеді.
Лимбикалық аймақ
ми қыртысының ежелгі құрылымы (лимбикалық
немесе жиектік қыртыс), жарты шарлардың төменгі және ішкі бетінде
орналасқан. Ол қыртыс асты құрылымдары тобына жататын бадам тәрізді
ядромен, иіс сезу жүйкесімен, мидың үлкен
жарты шарлары қыртысының
маңдай, төбе және самай бөліктерінің кей аймақтарымен, сонымен қатар
төмпешік асты аймағымен және ретикулярлық
формациямен бірігіп
лимбикоретикулярлық жүйе құрайды. Бұл күрделі, көп деңгейлі құрылым
қыртыстың тонусынының реттелуін, ішкі мүшелердің әр тарапты күрделі
қызметін, мотивациялық-эмоциялық реакциялар мен күрделі
инстинкттерді
қамтамасыз етеді, сыртқы әлеммен байланыстырады. Филогенездің ерте
кезеңдерінде бұл аймақ күрделі қызмет атқарған және тірі организмдердің
өмірінде маңызы зор болған иіс сезу жүйкесімен
тығыз байланыста
қалыптасқан (иіс сезу миы). Адам өмірінде иіс сезу өзінің бастапқы мағынасын
жоғалтты, бірақ эмоциялар тарапына, соматикалық және висцералдық
қызметтердің жағдайына әсер етуін сақтап қалды.
Достарыңызбен бөлісу: