Білім беру бағдарламасы Қарағанды 2022



Pdf көрінісі
бет25/60
Дата10.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#171797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60
Байланысты:
невро лекция

Мерезбен 
ауыру 
организмде 
бозғылт 
спирохетаның 
көбеюімен 
байланысты. Жүре пайда болған мерездің кіру қақпасы терінің және шырышты 
қабаттардың тұтастығының аз да болса бұзылған (тырналған, сырылған, 
кесілген) жерлері болып табылады. Жұқтырылу жыныстық жолмен де, сонымен 
қатар жыныстық емес жолдармен де таралуы мүмкін: сүйіскенде, ортақ ыдыс
орамал арқылы және т.б. Организмде мерез бірнеше кезеңнен өтеді, бұл 
инфекцияның біртіндеп дененің әртүрлі тіндері мен мүшелерінде таралуымен 
байланысты: тері мерезі, ішкі мүшелер мерезі, жүйке жүйесінің мерезі.
Балалармен жұмыс істеу тәжірибесінде дәрігер-невропатог көбінесе 
туа 
біткен (конгенитальдық) 
мерезбен кездеседі. Бұл жағдайларда мерез ауру 
анасының құрсағында жатқан балада дамиды. Ол қан ағымы арқылы 
жұқтырылады. Микробтар плацента арқылы өткен қанмен бала организміне 
түседі.
Туа біткен (конгенитальдық) мерезде таңдамалы түрде жүйке жүйесі 
зақымдалады, бұл осы аурудың үшіншілік кезеңіне тән. Конгенитальдық мерез 
кезінде тері зақымданады (бөртпе, папулалар, жаралар), ішкі мүшелер, сүйектер 
зақымданады; сонымен қатар жүйке жүйесі тарапынан да бірқатар өзгерістер 
болады. Ұрықты құрсақ ішілік қалыптасудың әртүрлі кезеңдерінде зақымдай 
отырып, мерез ең алдымен баланың физикалық дамуының тежелуін шақырады, 
ал кейде жүйке жүйесінің зақымдануына байланысты психикалық кемістіктер 
де кездеседі (мерездік олигофрения).
Көп жағдайда конгенитальды мерезбен науқас балалардың сыртқы түр- 
әлпетінде бірқатар тән белгілерді атап көрсетуге болады, олар тек бірге 
қарастырғанда ғана осы ауруға тән симптомдар жиынтығын құрайды (33- 
сурет). Бұл жерде жалпы физикалық дамуының артта қалуын, біртүрлі 
инфантильдікті, кейде бас сүйегінің дұрыс емес пішінін (төмпешікті, қисайған), 
дене бітімінің олқылығын (диспластикалығын), сүйектердің қисаюын (мысалы, 
сирақтарының садақ тәрізді иілгендігін) атап өтуге болады. Ер тәрізді мұрын 
пішіні, тістерінің пішінінің жарты ай тәрізді ойықтар пайда болуы арқылы 
өзгеруі, аузының айналасында жарықтар мен тыртықтардың пайда болуы, 
құлағынан ірің ағу, көздің қасаң қабығының бұлыңғырлануы, шашының түсуі 
(бастың шаш өсетін аймағында көптеген кішігірім тақыр жерлердің пайда 
болуы) осы ауруға тән белгі болып табылады. Жүйке жүйесі тарапынан кейбір 
жеке бас-ми жүйкелерінің зақымдануы, сіңірлік рефлекстердің төмендеуі, кейде 


патологиялық рефлекстердің орын алуы байқалады. Бірқатар балалардың 
қимыл-қозғалысы (моторикасы) жеткіліксіз, қимыл тепе-теңдігі нашар болады. 
Құрсақ ішілік кезеңде мерездік менингит немесе менингоэнцефалит болған 
жағдайда жүйке жүйесі айтарлықтай ауқымды зақымданған болады – су ми, сал 
және т.б. Кейбір кезде физикалық жағдайы тарапынан едәуір бұзылыстар 
болмағанымен, неврологиялық жағдайын тексергенде орталық жүйке жүйесінің 
органикалық зақымдануының белгілері анықталады. Ақыл-ойдың бұзылыстары 
жиі кездеседі, көңіл күй-жігер және мінез-құлық саласы қатты бұзылады.
Мұндай балалар көңіл күйінің өте тұрақсыздығымен, ашу-ызаға (аффект) 
бейімділігімен, қатігез қылықтарымен сипатталады, оларда тамақтануға деген 
және жыныстық әуестіктері дөрекі білінген болады. Өзін-өзі ұстауы мен 
тәртібіне қарай мұндай балалар эпилептоидты психопаттарға жақын болады.
Жүйке жүйесінің мерездік зақымдануының клиникалық түрлері. 
Жүйке 
жүйесінің мерездік зақымдануының мынандай түрлерін бөліп шығаруға 
болады: жүйке жүйесінің зақымдануы жанама түрде өтетін жағдайлар; мерездік 
менингиттер мен менингоэнцефалиттер; менингомиелиттер және табес (жұлын 
құрғамасы). Басқа этиологиялы (себепті) жедел түрдегі менингоэнцефалитпен 
салыстырғанда ми мен жұлынның мерездік зақымдануы баяу түрде, кейде дене 
қызуының көтерілуінсіз, қалтыраусыз өтеді. Мерездік менингиттер мен 
менингоэнцефалиттердің клиникалық көрінісіне бас ішіндегі қысымның 
жоғарылауына байланысты қатты бас ауыруы тән. Жеке бас-ми жүйкелерінің 
невриті жиі кездеседі, мысалы көру, есту, көз-қимыл жүйкелерінің. Бұл көру 
мен есту бұзылыстарына, қылилыққа, жоғарғы қабақтың салбырауына (птоз) 
әкеп соғады. Кейбір жағдайларда су ми, қаңқа бұлшық еттерінің салы дамыса, 
басқаларында эпилепсия тәрізді ұстамалар дамиды.
Қыртыстың жайылмалы зақымдануы кезінде, яғни ауру процесіне мидың 
майда қантамырлары шалдыққан кезде, ақыл-ой қабілеті төмендейді (мерездік 
кемақылдылық). 
Гипоталамустың 
мерездік 
зақымдануы 
кезінде 
де, 
энцефалиттің кейбір басқа түрлеріндегідей, зат алмасуы бұзылады (семіздік пен 
жыныс мүшелерінің нашар дамығандығы – гипогенитализм).
Патологиялық процеске негізінен жұлын шалдыққанда жұлынның 
қабықтары, түбіршектері мен тікелей жұлын затының зақымдануы байқалады, 
бұл мерездік менингомиелит көрінісін сипаттайды. Сырқат ауыру сезімімен, 
сезудің бұзылуымен, спастикалық салмен, сонымен қатар сфинктерлердің 
қызметінің бұзылуымен (зәр шығару мен дефекацияның бұзылуы) білінеді. Өте 
сирек жағдайда балалар мен жасөспірімдерде мерез кезінде жұлынның 
құрғамасы (табес) деп аталып кеткен жұлын ауруы дамуы мүмкін. Бұл кезде 
жұлынның жалпы зақымдануымен қатар әсіресе оның артқы бағандары мен 
артқы түбіршектері (сезімталдыққа жауапты) зардап шегеді.


Бұл аурудың негізгі симптомдары беткей және терең сезгіштіктің бұзылуы 
болып табылады: терең бұлшық еттік және буындық сезгіштік жойылады да, 
соның нәтижесінде қимыл тепе-теңдігінің реттелуі бұзылады (атаксия). Науқас 
аяқтарын талтайтып жүреді. Аяқтарында кенеттен пайда болатын жылдам әрі 
қатты ауыру сезімі, сонымен бірге ішкі мүшелерде – асқазанда, ішектерде – 
қатты ауыру ұстамалары (криздер) болуы мүмкін. Көмекейдің спазмдары 
(қысылуы) да кездеседі, онда адамның тамағы қатты ауырып, қылқынады. 
Табес кезінде соқырлыққа әкелетін көру жүйкесінің атрофиясы болуы мүмкін.
Диагнозды анықтауда қандағы және ликвордағы (жұлын сұйықтығындағы) 
Вассерман реакциясының, сонымен қатар бірқатар басқа ақуыздық 
реакциялардың маңызы зор. Кейбір көз симптомдары тән болады. Соның 
ішінде анизокория, яғни қарашық өлшемінің екі көзде әртүрлі болуы, 
қарашықтың жарыққа деген реакциясының әлсіреуі, сонымен қатар арнайы 
симптомның болуы – қарашықтың жарыққа деген реакциясының болмауы, 
бірақ конвергенцияға деген реакциясының сақталуы – байқалады. Көздің 
түбінде көру жүйкесінің емізігінің сұр атрофиясы дамиды. Сұр атрофия – бұл 
көру жүйкесінің емізігінің сұр түске боялуымен білінетін, көру қабілетінің 
әлсіреуіне немесе жойылуына әкеп соғатын, көру жүйкесінің емізігіндегі ауыр 
әрі қайтымсыз өзгерістер. Психиканың бұзылыстары тән болады – ашуға, 
сандырақ ойларға бейімділік, ақыл-ойдың төмендеуі.
Емдеуі. 
Мерезден дер кезінде және жүйелі түрде емделгенде ғана жазылып 
шығуға болады. Мерезді емдеуде антибиотиктер, мышьяк және йод 
препараттары қолданылады. Емдік дене шынықтыру мен баланың организмін 
күшейтетін бірқатар емдік-педагогикалық шаралардың маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет