Білім беру бағдарламасы Қарағанды 2022


Мерзімдік әдебиеттер (басылымдар)



Pdf көрінісі
бет24/60
Дата10.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#171797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60
Байланысты:
невро лекция

Мерзімдік әдебиеттер (басылымдар): 
11.
//Дефектология. - М., 2010 ж бастап.
12.
//Дефектология. - Алматы, 2010 жылдан бастап. 
Электрондық 
оқулықтар мен оқу құралдары: 
13.
Заркенова Л.С., Тебенова К.С., Ильясова Б.И. «Дефектология 
негіздері» пәні бойынша электрондық дәрістер курсы [Электрондық 
ресурс]: 5В010500 –
«Дефектология»
мамандығы.

ҚарМУ.-
Қарағанды,
2010.
-
//www/webirbis.ksu.kz.
14.
Нурманбетова У.Е., Тебенова К.С., Омарова Н.Н. «Мамандыққа 
кіріспе» пәні бойынша электрондық дәрістер курсы [Электрондық ресурс]: 
050105 – «Дефектология» мамандығы. – ҚарМУ.- Қарағанды, 2008. -
//www/webirbis.ksu.kz.
15.
Тебенова К.С. Дамуында ауытқуы бар балалар.- Электрондық оқу 
құралы.- Қарағанды, ҚарМУ, 2005. 
Интернет көздері: 
16.
htth: //www.eti-deti.ru
17.
htth: //www.defectolog.ru
18.
htth: //www.satr.kz
19.
htth: //www.school.edu.ru
20.
htth: //www.invalid-detstva.ru


Лекция тақырыбы: Жүйке жүйесінің аурулары. 
Дәріс жоспары: 
1.
Жүйке жүйесі зақымдалып туғандар, зақымдарының сипаты
клиникасы, болжамы, қосалқы аурулары (мерез, туберкулез, токсоплазмоз).
2.
Менингиттер, арахноидиттер, жұлындық менингит. Ағымы, соңы. 
Олардың балалық шақтағы ерекшеліктері. Энцефалиттер, ағымы мен соңы. 
Балалық шақтағы болжамдары.
1.
 
Жүйке жүйесі зақымдалып туғандар, зақымдарының сипаты, 
клиникасы, 
болжамы, 
қосалқы 
аурулары 
(мерез, 
туберкулез, 
токсоплазмоз). 
Арнайы мектептерге ауыстыруды қажет ететін оқушылар тобына көбінесе 
менингитпен, энцефалитпен, менингоэнцефалитпен және нейроинфекцияның 
басқа да түрлерімен ауырып шыққан балалар жатады. Кейде мерезбен 
(сифилис), құрт ауруымен (туберкулез), сонымен қатар ревматизммен 
науқастану нәтижесінде пайда болған жүйке жүйесінің әртүрлі зақымдануы бар
балалар кездеседі.
Аурудың қоздырғышы негізінен жүйке жүйесін зақымдайтын микробтар 
мен вирустар болып табылады. Оларды клиникада 
нейроинфекциялар 
деген 
ортақ атаумен біріктіреді. Кейде жүйке жүйесі екіншілік түрде, яғни бірқатар 
жалпы инфекциялар әсерінің нәтижесінде, зақымдануы мүмкін.
Атап өтілген аурулармен науқастанып шыққан балаларда көру, есту, 
сөйлеу, ақыл-ой сияқты әртүрлі нейропсихикалық қызметтердің бұзылуы жиі 
байқалады. Бұл бұзылыстар кейде тұрақты сипат алып, осындай балалардың 
қалыпты мектепте оқуына кедергі болады.
Аурудың 
нәтижесінде 
дамитын 
патологиялық 
симптомдардың 
ерекшеліктері бірқатар жағдайларға байланысты болады: ауруды шақырушы 
әсердің күшіне, ауру процесінің орналасуына, организмнің қорғаныс күшінің 
қандай дәрежеде екендігіне және т.б. Осы орайда баланың бұл сырқатпен қанша 
жасында науқастанғанының маңызы зор. Бақылаулар көрсеткендей, ерте жаста 
сырқаттанған жағдайларға аурудың аяғында болатын зардаптардың ауырлығы, 
әсіресе психикалық қызметтердің дамымай қалуы, тән. Ал кейінгі жаста 
науқастану кезінде ауру салыстырмалы жеңіл түрде өтеді де, мидың 


компенсаторлық мүмкіндіктері есебінен оң өзгерістер тезірек байқалады. 
Аурулардың жеке түрлерін қарастырайық.
XIX ғасырдың аяғында және XX ғасырдың басында жүйке жүйесінің мерезі 
(сифилисі) кең таралған еді. Ол балалардағы әртүрлі даму ақауларының жиі 
себебі болған. Кейін келе бұл аурумен белсенді күрес жүргізіліп, оның дамуына 
септігін тигізетін әсерлердің бірқатары жойылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет