үлес қосқан. Ол өзінің жіктеуін ұсынып, гемиплегияны, церебралдық
диплегияны, жайылмалы ригидтілікті (бұлшық еттердің тартылуы немесе
керілуі) және қос атетозды бөліп шығарған. Кейінгі жылдарда бұл жіктеу
өзгертіліп, толықтырылды. Қазіргі кезде 1978 жылы К. А. Семенова ұсынған
жіктеу қолданылады. Онда БЦСА мынандай түрлері ажыратылған:
спастикалық диплегия, қос гемиплегия, гиперкинетикалық түрі, атониялық-
астатикалық түрі және гемиплегиялық түрі
.
Жүйке жүйесінің белгілі бір деңгейінің пісіп жетілуі дамудың генетикалық
бағдарламасымен белгіленеді және адамның қимыл-қозғалыстары мен дене
қалпының белгілі бір ретпен қалыптасуын қамтамасыз етеді. Бірақ әртүрлі
құрылымдардың жетілу мерзімдері мен қарқындылығы сыртқы орта әсеріне де
байланысты. Афференттік түрткілер қозғалыс анализаторының дамуын
тездетеді. Жүйке жүйесінің дамып жетілуінің мәнісі реттеудің филогенездік
ежелгі деңгейлерден эволюция тұрғысынан жасырақ жетілген кейінірек
дамыған деңгейлерге біртіндеп көшуінде, осы қимыл-қозғалыстар дамуының
негізін құрайды (Л. Т. Журба). Қызметтік жүйелердің біртіндеп күрделенуі
организмге дәл осы мезгілде бейімделулік маңызы ең жоғары болып табылатын
белгілі бір қызметті жүзеге асыруға қатысатын қандай да бір филогенездік
деңгейдің іске қосылуын қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесінің белгілі бір
деңгейлері қалыптасуының бұзылуы осы аурудың клиникалық көрінісін
анықтайды.
Осылайша, БЦСА даму қаупін тудырушы жайттарға мыналар жатады:
анасының жасы, жүктілік кезіндегі анасының соматикалық және эндокриндік
аурулары, ұрықтың құрсақ ішілік жұқтырылуы (вирустар, саңырауқұлақтар
және қарапайымдар тудыратын инфекциялар), ұрықтың жүйке жүйесінің
анасының
жасушаларының
тіршілік
өнімдерімен
сезгіштендірілуі
(сенсибилизациясы), ана мен ұрықтың иммундық сәйкессіздігі, кейбір дәрі-
дәрмектер, физикалық және химиялық ықпалдар (ішімдік, никотин),
жүктіліктің кеш токсикоздары, мерзімінен асып кеткен немесе көп ұрықты
жүктілік.
Интранаталдық қауіп тудырушы әсерлерге босану кезіндегі асфиксия және
босану кезінде болған бас-ми жарақатынан кейінгі қан құйылу жатады. Ми
затына, ми қабықтарының астындағы кеңістікке, ми қарыншаларына, мишыққа
және мидың басқа да бөлімдеріне әртүрлі дәрежедегі (аздаған және көптеген)
қан құйылулар болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: