осындай себептілерде кейбір жергілікті бұзылыстар жиі болатындығын атап өту
керек. Мұндай балалар да, эпидемиялық энцефалитпен науқастанған кемақыл
балалардағыдай көңілкүй-ерік және мінез тарапындағы ауыр бұзылыстармен
сипатталады.
Аталған
бұзылыстардың
физиологиялық
механизмі
нейродинамиканың кенет бұзылуында және ішкі қыртыстық тежелудің
әлсіреуінде болады. Осыған байланысты қыртыс астының әсері күшейеді
(қыртыс асты аймағының тежеусіздігі). Инфекциялық энцефалитке шалдыққан
балалардың да тәртібінде эпидемиялық энцефалиттің резидуальдық кезеңіне
ұқсас болатын бірқатар патологиялық ерекшеліктер пайда болады. Бұл
негізінен ашу-ыза ұстамасына, көңіл күйдің тұрақсыздығына, нашар физикалық
әуестіктерге бейімділік болып табылады, сондықтан оларды тәрбиелеу
жұмысында үлкен қиындықтар кездеседі.
Алайда біріншілік және екіншілік энцефалитпен науқастанған балалардың
тәртібіндегі бірқатар ұқсастықтарға қарамастан, бұл жерде айтарлықтай
білінетін айырмашылықтардың да бар екендігін атап өткен жөн. Мысалы,
бақылаулар көрсеткендей, осындай балаларда мектеп пен жанұясындағы ауыр
түсініспеушіліктерге әкеп соғатын көңіл-күй, ерік және мінез тарапындағы
ауыр бұзылыстар көбінесе эпидемиялық энцефалиттің қалдықтық кезеңіне тән.
Инфекциялық энцефалиттерде мұндай бұзылыстар едәуір әлсіз білінеді. Көбіне
ақыл-ойдың, сөйлеудің және қозғалыстың әртүрлі дәрежедегі түрлері тән
болады.
Көмекші мектептердің оқушыларын тексеру көрсеткендей, осындай
балалардың өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл жағдайларда ауру процесінің
орналасу ерекшеліктеріне байланысты ақыл-ойдың біркелкі емес төмендеуі,
яғни бір қабілеттердің бұзылуы, ал басқаларының белгілі дәрежеде сақталуы
байқалады. Әсіресе өзіндік парафизикалық бұзылыстар түріндегі синдром тән,
ол фонематикалық анализдің төмендеуіне байланысты болады. Нәтижесінде
мұндай балаларда жазу мен оқудың ауыр бұзылыстары (дислексия, дисграфия)
пайда болады. Осы аталған бұзылыстарды, бұрын болжағандай, тек қыртыс
затының морфологиялық құрылымының өзгеруіне байланысты ошақты
зақымдануымен ғана түсіндіруге болмайды. Олардың айтарлықтай бөлігінің
негізінде нейродинамикалық бұзылыстар, іркілі тежелуі, жіктеудің бұзылуы
жатады, бұл мидың анализдік-синтездік қызметін реттеуде басты орын алатын
ішкі тежелудің әлсіреуімен байланысты.
Менингиттер мен энцефалиттер кезіндегі емдік шаралар алуан түрлі. Әдетте
антибиотиктер, уротропин, сульфаниламидтік
дәрі-дәрмектер,
сарысулар қолданылады. Қалдықтық кезеңде физиотерапия, емдік гимнастика,
логотерапия қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: