Білім беру бағдарламасы Қарағанды 2022


Тырысу синдромы (эписиндром)



Pdf көрінісі
бет38/60
Дата10.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#171797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60
Байланысты:
невро лекция

Тырысу синдромы (эписиндром). 
Ол жарақаттан кейін бірден пайда 
болады және әжептеуір соғылу немесе ми затына қан құйылу болғандығын 
көрсетеді. Жарақаттан соң бірнеше айдан кейін пайда болатын тырысулар 
жарақат орнында дамыған тыртықтық процестің салдары болып табылады. 
Тырысулар жиілігі мен пайда болу уақытына қарай әртүрлі болады. Жиі күндіз 
пайда болатын тырысулар тез арада ақыл-ойының төмендеуіне әкеп соғады. 
Барлық науқастың мінез-құлқы жарақаттық түрде өзгереді: ашуланшақтық, 
көңіл-күйінің төмендеуі (дисфория), еңбек әрекетінде жұмыстың басқа түріне 
қиындықпен ауысуы, есте сақтауының нашарлауы. Сырқатты ерте анықтау 
және жүйелі емдеу тырысу ұстамаларының жиілігін азайтып, баланың қажет 
білімді меңгеруіне мүмкіндік береді.
Кемақылдылық. 
Зардап шеккен баланың жасына байланысты ақыл-ой 
бұзылыстарының әралуан түрі дамуы мүмкін (олигофрения, деменция). Егер 
жарақат баланың пренаталдық, наталдық және ерте постнаталдық даму 
кезеңінде болған болса, ол ми заты дамуының бұзылыстарының себебі болуы 
мүмкін. Сол кезде бүкіл таным процесі әлсіреп, ақыл-ой дамуының едәуір 
тежелуі – олигофрения қалыптасады.
Егер бас-ми жарақаты үш жастан асқанда болса, ақыл-ес қызметінің 
ыдырауы орын алады: сезінудің, қабылдаудың, зейіннің, жадының, 
елестетулердің, түсініктердің, яғни деменцияның психоорганикалық кемістігі 
болады. Медициналық көмек ми қыртысының жасушаларының қызметін 
жақсартатын, психика деструкциясы процесін тежейтін емдік шараларды 
ұйымдастыруға сайып келеді.
Жарақат пен оның салдарының ауырлық дәрежесінің қандай екендігіне 
қарамастан зардап шеккен балаға арнайы маман-дәрігердің жүйелі түрдегі 
бақылауы, еңбек пен демалыстың алмасуының дұрыс тәртібін ұйымдастыруы 
қажет болады. Оқу жүктемесінің мөлшерін дәрігер мен педагог қадағалауы тиіс. 
Кей жағдайда сабақ жеке дара жоспар бойынша өткізілуі керек. Балаларға 
арналған санаторийлерге барып тұруды қажет етеді.
Жарақат алған балаларда кешеуілдеген салдар ретінде физикалық және 
ойлану жүктемесінен кейін күшейетін, гипертензиялық синдромға байланысты 
бас ауыру ұстамалары байқалуы мүмкін.
Сонымен қатар жарақаттан кейінгі қалдықтық көріністер қатарында есте 
сақтау қабілетінің күрт төмендеуі білінуі мүмкін. Бұл әрине баланың оқудағы 
үлгеріміне кері ықпал етеді. Осындай балалардың даму динамикасын тексеру 
көрсеткендей, жадының мұндай бұзылыстары уақытша сипатта болуы мүмкін 
және жүйелі педагогикалық жұмыс барысында түзеліп кетеді. Тағы бір жиі 
кездесетін патологиялық симптом – жазу мен оқу тарапынан болатын 
бұзылыстар (дисграфия мен дислексия). Көбінесе фонематикалық талдаудың 
төмендеуіне байланысты акустикалық дисграфия түрлері кездеседі. Бұл 


балалардың жазған диктантында көптеген қателер, әріптер мен сөздердің орын 
ауысқандығы, үнсіз және үнді дыбыстардың араласып кетуі анықталады. Оқу 
қабілеті күрт қиындаған болады, бала әріптерді шатастырып, оларды басқа 
әріптермен алмастырып, өзінің ойлағаны бойынша өтірік оқи салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет