Көңіл-күйі тұрақсыз және құбылмалы, біресе көңілді, біресе күйзелген болады.
Ми қыртысынң жасушаларының тез шаршағыштығы мен сарқылуы байқалады.
Бұл жадысының төмендеуіне және жалпы түсініктер қорының шектелуіне әкеп
соғады, ал мұның өзі психикалық дамудың тежелуінің себептерінің болып
табылады.
Балалардың әлеуметтік пісіп жетілмегендігі олардың өзінен жасы кіші
балалармен ойнауға тырысуымен білінеді. Жоғары қозғыштығы, ұрыс-керіске
бейімдігі мектепке дейінгі мекемелердегі балалармен қарым-қатынасының
нашарлатады. Балалардың ұйықтауы қиын болады, жиі оянып, түсінде
айқайлайды, кейде түнгі зәр ұстамауы байқалады.
Балалардың мектепке бара бастағанында ең алдымен моторлық
қызметтердің жеткіліксіздігімен, жалпы түсініктер қорының тапшылығымен
байланысты қиындықтар білінеді. Бұл оқуды, жазуды, санауды және кеңістікті
қабылдауды үйрету кезіндегі қиындықтарға әкеп соғады. Оқуына байланысты
пайда болған қиындықтар балаларда екіншілік невротикалық әсерленістерді
шақырады.
Балада айқын, нағыз неврологиялық симптомдардың жоқтығына
қарамастан, астено-невротикалық синдромның болуы мұғалім мен дәрігерді
толғандыруы тиіс. Мұндай балалар невропатологтың бақылауында болуы керек
және емдеу шаралары жүйелі түрде, бірнеше бағытта жүргізілуі қажет
(дегидратация, қызметтерді жақсарту, дәнекер тінін тарқату терапиясы).
Моторлық қызметтерді жетілдіру үшін емдік шаралармен бірге бала емдік дене
тәрбиесі сабақтарына қатысуы қажет. Баланың жүріс-тұрысы мен тәртібіне
байланысты қиындықтарды жеңіп өту үшін ата-анасының, тәрбиешісінің және
дәрігердің бірігіп, өзара байланыстағы жұмысы қажет. Балаға үйінде болсын,
бала-бақшада болсын, тыныш және мейірімді жағдай қажет, ұрып-соғу мен
дене жазасына жол берілмеуі тиіс. Мектеп жасында балаға ата-анасы тарапынан
ерекше көңіл бөлу, түсіну және көмек қажет болады.
Достарыңызбен бөлісу: