Білім беру бағдарламасы Қарағанды 2022


Жоғары қыртыстық қызметтердiң бұзлстарың бұзылыстары



Pdf көрінісі
бет47/60
Дата10.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#171797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60
Байланысты:
невро лекция

Жоғары қыртыстық қызметтердiң бұзлстарың бұзылыстары 
Жоғарғы қыртыстық қызметтерге гнозис, праксис, фазис, есте сақтау, ойлау 
жатады.
Гнозис 
дегенiмiз – ол сыртқы ортаның құбылыстары мен заттарын сезiну 
және түйсiк алу арқылы өтетiн қоршаған ортаны бiлiп, тану. Гнозистың 
бұзылыстарын агнозиялар деп атайды. Сезiм мүшелерiне сәйкес көру, есту, 
тактильдік (соматосенсорлық), иiс сезу, дәм сезу агнозияларын ажыратады.
Ерекше түрiн сөйлеу тiлi агнозиялары құрастырады. Бұл бұзылыстар затты 
немесе құбылысты танымауымен сипатталады. Агнозиялардың себептерi болып 
орталық жүйке жүйесiнiң әртүрлi жұқпалы аурулары, ми қыртысының 
жарақаттары, интоксикациялары табылады. Балалық шақ кезеңiнде бұл 
агнозиялар зият кемiстiктерiне апарады.
Праксис – үйренген қүрделi қозғалыстардың орындалуы. Терең 
сезiмталдықтың афференттiк жолдарымен келетiн тiтiркенiстердiң барлығы 
мидың төбе бөлiгiнiң қыртысында қабылданады. Бұл бұлшық еттерден, 
сiңiрлерден, байламдардан және буындардан келетiн тiтiркенiстер қозғалыстың 
әрбiр мезгiлi туралы белгi берiп тұрады, ал осы қозғалыстар үйреншікті, 
әдеттенген бола бастайды. Төбе бөлiгi зақымдалған кезде праксис 
қалыптаспайды немесе бұзылады. Осы жағдай апраксия деп аталады. 
Апраксияның үш негiзгi түрiн ажыратады: 1) моторлық немесе эфференттiк, 2) 
көру-кеңiстiктік (конструктивтік), 3) кинестетикалық немесе афференттiк. 
Сонымен қатар сөйлеу тiлiнің апраксиясын бөледi. Моторлық апраксия кезiнде 
ауру адамның үйренген қозғалыстарды орындауы бұзылады. Көру-кеңiстiктік 
апраксия көру арқылы кеңiстiкте бағдарланудың бұзылуы салдарынан мақсатты 
қозғалыстарды орындай алмаумен сипатталады. Кинестетикалық апраксия 
қимылдарды орындайтын мүшелердiң қалыпын реттеу бұзылыстары 
салдарынан қозғалыстарды басқара алмаумен білінеді. Бұл түрiн кейiп 
апраксиясы деп атайды.
Есте сақтау құбылысында келесi кезеңдердi ажыратады: жадында тұту 
(жатталу), сақтау, еске түсiру және ұмыту. Келесi түрлерi болады: ерікті және 
ерiксiз. Есте сақтау қабiлетiнiң төмендеуi (гипомнезия) жадында тұтудың 
бұзылыстары кезінде де, еске түсiрудiң бұзылыстары кезінде де болуы мүмкiн. 
Есте сақтау қабілетінен толығымен айрылуды амнезия деп атайды. Амнезияны 
келесi түрлерге бөледi: зейін қоюдың (белгiлеудiң) амнезиясы – жадында 
тұтудың кенет бұзылуы; антероградтық амнезия – жарақат алып, естен 
айырылғаннан кейiн болған жағдайларын есте сақтамау; ретроградтық амнезия 

жарақаттан бұрын болған оқиғаларды еске түсiрмеу; амнезиялық афазия – 


заттардың жалпы қасиеттерiн немесе қызметтерiн бiлiп отырып, аттарын еске 
түсiрмеу. Кейбiр адамдардың есте сақтау қабiлеттерi өте жоғары дәрежеде 
болуы мүмкiн – ол гипермнезия деп аталады.
Ойлау қабiлетiнiң бұзылуы зият кемiстiктерi ретiнде байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет